• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Сәуір, 2019

Үкімет делегациясы Рудный қаласына барды

1243 рет
көрсетілді

Қостанай облысында болған Үкімет делегациясы сапардың екінші күні Рудный қаласына барды. Кеншілер қаласындағы Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің Кадрлар даярлау оқу орталығында, еліміздің оңтүстік өңірінен қоныс аударған көп балалы отбасында болды. Қала тұрғындарымен кеңес өткізді. Сол басқосуда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев кеншілер қаласының тазалығына таңданысын жасыра алмады. 

«Мен Рудный қаласына 1985 жылы келген едім. Одан бері қала қалай өскен десеңші! Шынымды айтсам, талай қалаларды көріп жүрміз, Сіздердің қалаңыздың тазалығы ерекше екен. Мұндай тазалық кейбір облыс орталығында жоқ. Бұл, қала тұрғындары, сіздердің арқаңыз деп білу керек. Облыс әкімі Архимед Бегежанұлы ай сайын тазалық сенбілігін өткіземіз деп отыр. Өте жақсы дәстүр! Егер адамдар барлық мәселені атқару органдарына артып қойып, қарап отырса, мұндай игі істің біреуін де көрмес едіңіздер. Мемлекетке азаматтық қоғам көмектессе, осылай алға басу болады. Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіне, тұрғындарға рахмет. Қаладағы мен бұрын көрген алаң да, үйлер де жаңадан салынған секілді, қала жаңарып, жасарып кеткен!» деді Бердібек Мәшбекұлы. 

Тек Рудный емес, Қостанай облысының барлық елді мекендерінде санитарлық тазалыққа үлкен мән беріледі, көктем шыққаннан сенбіліктер үзбей өткізіледі. Облыс қалаларында үйлердің сыртын, перде бетін сырлау, көріктендіру де дәстүрге айналды. 

Қостанай