Алдағы тәуліктерде Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Бүгін, 8 сәуірде елордада күн ашық болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0, ... -2°С, күндіз +10... +12°С құрайды», – деп мәлімдеді «Қазгидромет».
Ертең, 9 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшеймек. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +12…+14 °С құрайды.
Сәрсенбі, 10 сәуірде қалада күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде 0…-2 °С, күндіз +10…+12 °С көрсетеді.