• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2019

Ағылшын тілін үйренуге грант бөлінді

1135 рет
көрсетілді

Өңірде «Ағылшын тілі – медицина қызметкерлері үшін» жобасы өз жұмысын бастады.

Жоба авторы–  тәжірибелі кардиолог дәрігер, халықаралық бағдарламалардың қатысушысы – Дмитрий Тё.  Ол көп еңбектенудің арқасында  грантқа қол жеткізген. «Былтыр медицина қызметкерлері үшін ағылшын тілін үйрететін жобамызды ұсынған едік. Ол бойынша шетел тілін тегін меңгеріп, негізгі медициналық терминдерді білумен қатар тілдерін де жаттықтырады.  Курсты бітіргендерге  сертификат тапсырылады. Грантты Қазақстандағы АҚШ елшілігі бөлді», дейді жоба ұйымдастырушысы. 

Светлана Ващенко темір жол емханасында эндокринолог болып еңбек етеді. Ағылшын тілі кітабын соңғы рет осыдан 20 жыл бұрын парақтапты. Қазір курстың белсенді қатысушысы. Күнделікті қолданылатын бірқатар  медициналық терминдерді ағылшын тілінде айтып, мағынасын да еркін түсінеді. Шетелде демалуға, саяхаттауға шыға қалсам, тәржімашы іздеп әуре болмаймын, дейді ол.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шынар Тоқышеваның айтуынша, алғашқы аяқалыс нәтижесіз  емес. Қатысушылар шетінен ынталы. Сабақтарда медициналық аурулар жайлы әдебиеттер пайдаланылады.  Науқастарды ағылшын тілінде қабылдаудың жолдары үйретіледі. Шетелдің  жұмыс тәжірибесі қолданылады.

Курстан соң шетелде тәжірибе алмасу мүмкіндіктері де қарастырылған.

Солтүстік Қазақстан облысы