• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 09 Сәуір, 2019

Алматыда «Өткеннен жаңғырық» атты суретшілер көрмесі ашылды

1609 рет
көрсетілді

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында бір топ Орталық Азия мен Қазақстан суретшілерінің шығармаларын біріктірген «Өткеннен жаңғырық» атты сурет көрмесінің ашылуы өтті. Экспозицияда 30-дан аса көркем туындылар ұсынылған.

Аталмыш жобаға Қазақстан,  Өзбекстан және Қырғызстан суретшілері қатысты. Олардың сапында Эркен Жураев, Азиза Авезова, Виктория Цой, Умит Жубанышева, Светлана Цой, Галия Макашева, Гульнар Аскарова и Бахыт Карашев сынды танымал қылқалам шеберлері бар.

Көрменің ашылу салтанатына Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Бас консулының орынбасары Бахтиёр Камалов, ҚР Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі директорының ғылым жөніндегі орынбасары Светлана Кобжанова, Орталық көрме залының жетекшісі Алтынжан Хожамуратова, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің баспасөз қызметінің жетекшісі Клара Исабаева және тағы басқа да өнер жанашырлары қатысты.

«Өткеннен жаңғырық» көрмесі Бұхарадағы пленэрден бастау алған. Суретшілер бұл қалаға келу арқылы, оның  ерекшелігіне, әлі күнге дейін өмір сүретін ежелгі рухына тамсанып өз туындыларында  ыстық құмды үйлердің бояуын, сауда дүкендері мен ұлттық киімдердің жарқын түстерін қағазға түсіріп, өздерінің бояулар мен көңіл-күйлерінің ерекше әлемін жазды. Көне кезеңнің сәулет өнері тарихқа ендіріп жіберетіндей күй кештіреді.  

«Аталмыш көрме – әрбір суретші Бұхараны өз көру деңгейінде тамашалап, оған деген таңданысы мен алғысын білдіру үшін Бұхараны шынайы қалпында көрсетуге талпыну. Бұхара... көне және ғажап, миллиондаған адамдардың назарын өзіне магнитше тартады. Адамзат тарихының үлкен бөлігі осы ертегі, аңыздар мен поэзияның қаласымен байланысты.

Жоба бір топ дарынды суретшілермен әзірленді, және бүгін біз олармен бірге Бұхараны біздің қаламызға ашып отырмыз», - дейді өнер музейінің баспасөз қызметінің жетекшісі Клара Исабаева.