• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2019

Рудныйдағы құс фабрикасында 5 мыңнан аса құс жанып кетті

819 рет
көрсетілді

Бұл жөнінде Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«Жас қанат - 2006» құс фабрикасының 2018 жылы бөлек салынған бір қабатты ғимаратынан   өрт шыққаны жөнінде дабыл таңғы 05.25 минутта түсісімен өрт сөндірушілер оқиға болған жерден табылып, тілсіз жау 07.05-те ауыздықталған. Өрт 110 шаршы метр жерді шарпыды, оның 10 шаршы метрі  цех та, қалған 100 шаршы метрі  шатыры болатын. Тілсіз жаудың салдарынан 5 126 бас тауық қырылып қалды, сонымен қатар  ғимараттағы электр желілері, құстың саңғырығын шығаратын құралдар бүлінді.

Қазір материалдық шығындар қалпына келтіріліп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 32 адам және өрт сөндіретін 6 техника қатысты. Көмекке Рудный қаласындағы өрт сөндірушілер, Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің  және Қостанай қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Құс фабрикасында өрт-сынақ лабораториясы жұмыс істейді. От ұшқыны электр сымдарының тұйықталуынан кеткен.

Қостанай