• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 12 Сәуір, 2019

Алматы әкімі АҚШ Елшісімен кездесті

1004 рет
көрсетілді

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшісі Уильям Мозермен кездесті. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

АҚШ Қазақстанның жетекші серіктестерінің бірі. Алматы қаласында жылу коммуникация, қаржы, сауда және басқа салаларда американдық капиталмен 172 кәсіпорын жұмыс істейді. Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы өткен жылдың 11 айы ішінде бұрнағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11%-ға өскен немесе 470 миллионнан астам АҚШ долларын құраған.

«Кейде мен өзімді алматылық ретінде сезінемін, өйткені осында 1996 жылдан үш жыл қатарынан тұрдым. Ол уақыт мен және отбасым үшін ғажап кезеңдер болды, балаларым осы қалада өсті. Қазіргі кезде Алматы қаласы бұрынғыдан да нұрланып кетіпті, динамика сезіледі, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мені адамдар көңілді қыдырып жүрген жаяу жүргіншілердің Панфилов көшесі қатты қызықтырды. Жүргінші аймақтарының, балалар алаңдарының саны артыпты, бұл көңіл қуантады. Қаланы адамдар игілігіне айналдыру үшін атқарылып жатқан оң істер көрініп тұр. Біз қалаға стратегиялық мән береміз және Бас консулдық үшін жаңа нысан салуды жоспарлаудамыз, бұл ұзақ мерзімді әріптестік байланысты дамытуға оң ықпал етеді. Меніңше инвесторларды және Қазақстанда еңбек етуге ниет білдіруші түрлі американдық компанияларды қызықтырады деп ойлаймын», - деді АҚШ Елшісі Уильям Мозер.

Кездесу кезінде Уильям Мозер Алматының АҚШ-тың Бас консулдығы орналасқан Орта Азиядағы жалғыз қала екенін атап өтті.