• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Сәуір, 2019

Қазақстанның Елшісі Өзбекстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

1003 рет
көрсетілді

2019 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Дархан Сатыбалды Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Өзбекстанның Президенті Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ташкентке жоспарланған мемлекеттік сапарын екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы тұрғыдан атап өтті. Сонымен қатар, Ш.Мирзиёев қазақстандық-өзбек стратегиялық әріптестігін жан-жақты тереңдете түсуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін атап өтті.

Президент Қазақстанның Елшіcіне Өзбекстандағы қызметіне сәттілік тіледі.