Қостанай, СҚО, Ақмола, Павлодар облыстарында жауын-шашын күтіледі деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
14-15 сәуірде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 15-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 16 сәуірде Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман, найзағай, көктайғақ күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
14-15 сәуірде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 14-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 15-16 сәуірде Қарағанды облысында ауа температурасы түнде 0-5, кей жерлерде 8 аязға, күндіз 2-7 жылыға дейін төмендейді.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.