• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2019

Қостанай облысында шағын және орта бизнес нысандары көбейген

1096 рет
көрсетілді

Бұл жөнінде облыс әкімінің аппарат мәжілісінде айтылды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс өңірінде 51 093 шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істеп тұр.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 процентке көп деген сөз. Ал биылғы жылдың басынан бергі үш айда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандар саны тағы да көбейіп, 52701-ге жеткен. Процентке шаққанда бұл республикалық көрсеткіштен 1,2 процентке жоғары болды.

Алайда, облыстық Кәсіпкерлік және өндірістік-инновациялық даму басқармасының басшысы Роза Горяннаяның айтуынша, шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекеттік бағдарламалардың ықпалы орасан, соның арқасында көп жұмыс атқарылып отыр. «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша облыста 2 759,1 млн теңгеге 199 жоба жүзеге асырылған. Енді Жастар жылына орай, жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған қаржылай және қаржылай есем қолдау жұмыстары жүзеге асырылады. Бұл туралы «Жол картасына» тиісті орындар қол қоятын болады.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жастар кәсіпкерлігін дамыту істерін кезек күттірмей қолға алу керектігін айтты. Ол Жастар жылында атқарылатын жұмыстарды тездетпесе, жылдың төрт айы аяқталуға жақын екендігін ескертті.

Қостанай