Жан-жақтан келген халықаралық сарапшылар химиялық заттарды тіркеудің ұлттық жүйесін қалыптастыру, химиялық заттардың адам денсаулығына және қоршаған орта үшін тигізетін қауіптілігін бағалау, химиялық заттар мен қоспаларды жіктеу бойынша оқыту өткізетін болады. Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған семинар жұмысына Грузия, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Моңғолия, Украина, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан және т.б. елдердің өкілдері қатысуда.
«Қазақстанда 2018 жылдан бастап аталған жобаға қатысушы елдер арасында химиялық заттарды тиімді реттеу жүйесін енгізу бойынша тәжірибе алмасуға, оны реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіруге, химиялық заттар туралы ақпаратты онлайн түрде жинап, бөлісу үшін техникалық базаны құруға, Еуразиялық экономикалық одақтың «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде қарастырылған Химиялық заттар мен қоспалар тізілімінің ұлттық бөлімін құруға химиялық заттардың адам ағзасына және қоршаған ортаға әсері туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Қарапайым тұтынушы 2021 жылдан бастап Ұлттық тізілімге кіріп, кез келген химиялық зат туралы толық ақпарат ала алатынын айта кеткен абзал. Бұл химиялық заттың адамның денсаулығына тигізетін әсерін төмендетуге мүмкіндік береді», дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бөлім басшысы Назима Жүнісова.
Аталған жиын бұған дейін Тбилиси және Минск қалаларында өткен.