• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2019

Қостанайдағы өлі балық қауіп тудыра ма?

938 рет
көрсетілді

Өткен демалыс күндері облыс орталығының тұрғындары қаланың әуежай орналасқан шет жағындағы су айдынында жаппай өліп жатқан балықтарды көріп, хабарлаған. Бұл тосын хабар Облыстық экология басқармасының мемлекеттік экологиялық инспекторы Сергей Мұқашевтың құлағына тиісімен ол төтенше жағдай орын алған жерге лаборатория қызметкерлерін ертіп жеткен.

Бұрын ол жерде көл болған. Қазір оны көл деуге келмейді, көлемі 200 шаршы метрдей ғана, тереңдігі 1,5-2 метрдей болатын шағын су айдыны қалған. Иә, шабақ балықтардың жаппай қырылуы орын алған. Лаборатория қызметкерлері мұнай қалдықтарына, судың ластануына және оттегінің жетіспеуіне сынама алды. Оның нәтижесі оншақты күнде анықталады,дейді Сергей Талғатұлы.

Дегенмен, маман шалшық судағы балық оттегі жетіспегеннен өлген деген болжам айтып отыр.

Таяз судың мұзын қыста ешкім жармаған. Сондықтан шабақтар оттегі жетіспегеннен тұншығып қырылған тәрізді. Аса қауіп ойлап отырған жоқпыз. Дегенмен лаборатория зерттеуінің нәтижесінен кейін анық жауабын қосымша хабарлаймыз, дейді Сергей Талғатұлы.

Әрине, балықтың амандығы – судың тазалығы екенін қазір барлығы да біледі. Сондықтан әп дегенде қостанайлықтар да суыт хабарға елеңдеп қалғаны рас. Сондықтан лаборатория зерттеуінің нәтижесін біз де «Егеменнің» оқырмандарына жеткізетін боламыз.