Музей қорына қабылданған жәдігерге пошым-сипаты мен жасалу ерекшелігіне қарай «Бүрмелі алтын сырға немесе сақина» деген атау беруге лайық. Сырғаның салпыншақ бөлігіне құмыра пішіндес 20 ұсақ бүршік бүрмеленген. Бір қарағанда, бұл бүрмелер бидай дәніне де ұқсайды. Жәдігердің салмағы – 20 грамм, таза алтыннан жасалған, шеңберінің диаметрі – 2,9 см, ені – 8 мм, бұйымның негізгі биіктігі – 5,4 см, құмыраға ұқсас бүршіктердің биіктігі – 9 мм, оның диаметрі – 6-6,1 мм, құмыра ауызының биіктігі – 1 мм, диаметрі – 2,5 мм.
Бұйымды музей қорына өткізген меценат Сапар Ысқақұлы жасақтаған экспедиция мүшелері және елордадағы Ұлттық музей жанынан құрылған «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы Ахан Оңғарұлы.
«Торғай өңірі әлі толық зерттелмеген. Алдағы уақытта мұндай жәдігерлердің талайы табылатыны анық. Сол себепті, биыл да қазба жұмыстарын жалғастыру арқылы өлкеге этнографиялық зерттеулер жүргіземіз» деді Ахан Оңғарұлы.Әсел ӨТКЕЛБАЕВА,
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің бас қор сақтаушысы