• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2019

Елордада экологиялық өмір салты бойынша шеберлік-сабағы өтеді

1392 рет
көрсетілді

Эко-белсенділер қоқысты бөліп жинау, биопакеттер және басқа да «жасыл бастамаларға» қатысты мәселелерді талқылауға шақырады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шеберлік-сабағы 16 сәуірде сағат 18:30-да «Керуен» сауда орталығында (3 қабат, азық-түлік алаңы) өтеді.

Шара ұйымдастырушылары – «Спарта Астана» экоклубының белсенділері. Олар жақында елордада алғаш рет плоггинг өткізген болатын. 

Шеберлік-сабақ бағдарламасына жеті спикер қатысады. Мысалы, Алматы қаласының эко-белсендісі Аида Алимбекова «Эко-өмір: қайта басталуы керек, нөлдік қағидалар, Instagram-да эко-білім беру, азаматтық эко-бастамалар» тақырыбында баяндама жасайды. Тоғыз жастағы мектеп оқушысы Аделя Қасымова үйде және сыныпта қоқысты бөлек жинау жүйесін қалай енгізгені туралы әңгімелейді. «Біз таза мемлекет үшін!» қозғалысының көшбасшысы Шасалим Шагалимов қалада ғана емес, одан тыс жерлерде де биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы айтып береді. «Спарта Астана» экококлубының негізін қалаушы Әсел Құспанова жиналғандарды «тұтынушыдан эко-белсендіге айналудың» жеке үлгісімен таныстырады. 

Экологияға бағдарланған кәсіпкерлер қайта өндеу және полиэтилен пакеттерінің баламалары туралы әңгімелейді. 

«Біз сізді күтеміз! Шындығында, бір адам әлемді өзгерте алады! Бірақ ... егер біз көп болсақ, біз мұны әлдеқайда жылдамырақ жасаймыз! », - делінген  ұйымдастырушылардың әлеуметтік желілерде таралған хабарламасында.