Батутты гимнастикадан Қазақстан құрама командасы Тбилиси қаласында (Грузия) 1-18 сәуір аралығына жоспарланған оқу-жаттығу жиындарын өткізуде деп хабарлайды Olympic.kz.
Команда мүшелері 18 сәуір күні Минскте басталатын әлем кубогі кезеңіне толыққанды дайындалған болатын.
22 сәуірге дейін жалғасатын кубоктік кезеңге Қазақстан атынан төрт спортшы қатысады. Олар: Пірмаммад Әлиев, Данил Мұсабаев, Данияр Түсіпов және Игорь Грачев.
Аталған кубоктік дода лицензиялық турнирлер қатарына жататынын естеріңізге саламыз.