• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Сәуір, 2019

Елорданың қылмыс жиі болатын көңіл көтеру орындары анықталды

876 рет
көрсетілді

2018 жылы құқық қорғау органдарына елордадағы көңіл көтеру орындарындағы төбелес пен бұзақылыққа қатысы 13,5 мың хабарлама түскен. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Тахир Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың басынан бері Нұр-Сұлтан қалалық полиция органдарына көңіл көтеру орындарындағы қылмыс пен қоғамдық тәртіпті бұзушылыққа қатысы азаматтардан 3,5 мыңнан астам хабарлама келіп түсті,  деді ол  Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында. 

Жалпы, оның дерегінше, 2018 жылы құқық қорғау органдарына азаматтардан 13,5 мың хабарлама түскен. 

Сараптама бұзақылық, жаппай төбелес, денеге жарақат салу, ұрлық және өзге де құқық бұзушылықтардың Алматы ауданында көп тіркелетіндігін көрсетті. Мұндай 784 хабрлама келіп түскен еді. Құқық бұзушылық жиі орын алатын көңіл көтеру орындары мыналар: «Рыба моей мечты» караоке барынан - 76, «Парагон» кафесінен - 60, «Гудбардан» - 53 хабарлама, деді ол. 

Басқарма басшысының айтуынша, Сарыарқа ауданынан жыл басынан бері мұндай 647  хабарлама «Хиты ХХ - века», «Ыстанбұл», «Қазақша дискотека» сынды көңіл көтеру орындарын түскен. Байқоңыр ауданында «Шымкент», «Чарли Чаплин» мейрамханаларынан 466 хабарлама алдық. Есіл ауданында «Пункт П», «Золото», «EscoBar» сынды көңіл көтеру орындарынан 356 хабарлама болды. Сонымен қатар, осы жылдың басынан бері қаланың көңіл көтеру орындарында қару қолдануға қатысты 9 хабарлама болды, деді Тахир Әбдірахманов.