• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2019

Ғасырлар қойнауындағы асыл мұралар

1126 рет
көрсетілді

Түркістан қаласында Тарихи-мәдени-этнографиялық орталықтың ұйымдастырумен 16 сәуір күні Нәзір Төреқұлов музейінде «Көне кітаптар – рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты жоба аясында ұйымдастырылған «Ғасырлар қойнауындағы асыл мұралар» атты көрменің ашылу салтанаты болып өтті.

Көрменің басты мақсаты музей қорында сақталған көне кітаптар, қолжазбалар мен насабнамалар халқымыздың сан ғасырлық рухани байлықтарын бағамдап, болашақ ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу, көне кітаптарды рухани жаңғырту және де насихаттау. Жоба аясында алдағы уақытта Көне кітаптарды насихаттау және рухани жаңғырту мақсатында Қазақстанның Ақтөбе,  Ақтау, Отырар қалаларына, облыстық музейлерге көшпелі көрмелер ұйымдастырылады деген жоспар құруда.

Жоба аясында 2019жылдың мамыр айында «Көне кітаптарды реставрациялау кезіндегі жиі кездесетін мәселелер»   көне кітаптарды реставрациялау қалай жүргізілетіні жайлы аранайы мамандармен шеберлік сағаты жүргізіледі және де көне кітаптар, қолжазбалар жайлы   үш тілде 200 дана кітапшалар дайындап, (50 дана мектепке, 50 дана жоғары оқу орындарына, 100 дана) мәдениет мекемелеріне таратылу жоспарланып отыр.

 Алғашқы  сөз кезегін  мәдениет Н.Төреқұлов музейінің меңгерушісі Б.Жорабеков, С.Ерубаев музейінің меңгерушісі А.Бостановқа беріліп, атаулы көрменің маңыздылығын айта келе, еліміздің музейлер қорында сақталған көне кітаптар мен қолжазбалар халқымыздың сан ғасырлық рухани байлығы болып табылатындығын, сонымен бірге  рухани байлықтарымызды бағамдап, болашақ ұрпақ кәдесіне жеткізуге баса назар аударылғандығын атап өтті.   

Көрмеде ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда жазылған  тарихи, мәдени, әдеби, ғылыми маңызы мен құндылығын жоймайтын еңбектер бар. Арасында бұрын соңды  зерттелмеген араб – парсы, түрік, шағатай тілдерінде қолжазбалар да кездеседі. Көрмеде Тарихи-мәдени-этнографиялық орталық қорындағы 50-ден астам көне кітаптар, рубайи өлеңдер жинақтары, насабнамалар, қолжазбалар,   экспозициядан орын алды. Игі іс шара жыл бойында жалғасын таппақ.

Айман МИРЗАБЕКОВА

Тарихи-мәдени-этнографиялық орталықтың

ғылыми қызметкері