• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Сәуір, 2019

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 0,4%-ға артқан

928 рет
көрсетілді

2019 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 2 797,3 млн долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 0,4%-ға артты, соның ішінде экспорт – 850,3 млн доллар (5,8%-ға азайды), импорт – 1 947,0 млн доллар (3,4%-ға өсті). Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,9%, Қырғызстан Республикасына – 4,1%, Беларусь Республикасына - 2,9%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.