• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2019

Ақтаудан алғашқы қазақстандық жүк кемесі аттанды

974 рет
көрсетілді

Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қолдауымен Ақтау теңіз портынан Қазақстанның алғашқы «Түркістан» фидерлік кемесі Баку портына жол тартты.

Іс-шараға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Маңғыстау обЛысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Қазақстан темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қатысты.

 Фидерлік кемелер апта сайын қатынайтын болады. Қытайдан Еуропаға бағытталған транзиттік жүк шоғырланып, қазақстандық экспорттық жүкпен бірге контейнерлермен жедел тасымалданады. Осылайша, Алтынкөл шекаралық бекетінің логистикалық инфрақұрылымын, «Хоргос-Шығыс қақпасы» АЭА-ның құрғақ портын, Ақтау теңіз портын белсенді пайдалану Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдаудың тиімділігін қамтамасыз етеді.

 Бүгін еліміз үшін тарихи оқиға – Қазақстанда тұңғыш рет Ақтау мен Баку арасындағы фидерлік желі іске қосылды.  «Самұрық-Қазына» қорының активтерін синергиялау және Каспий теңізіндегі фидерлік контейнерлік қызметті іске қосу осы бағытты және жалпы аймақты  дамыту үшін барынша мультипликативті әсер алуға мүмкіндік береді, деп атап өтті Ахметжан Есімов.

 Тасымалдауды тиімді жоспарлаған жағдайда фидерлік кеме қатынасы контейнерлік пойыздардың жылдамдығын қадағалауды қамтамасыз етумен қатар, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдарының артуына және Каспий аймағында жүк контейнерлерін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

 Бұл бағыт «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту бағдарламасына сәйкес ашылды.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ  АҚ

Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті