• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 16 Сәуір, 2019

Қазақстан мен Беларусь сенаторлары Минскіде бас қосты

852 рет
көрсетілді

Минскіде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты және Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесі парламентаралық комиссиясының инновациялық саладағы ынтымақтастығын дамыту жөніндегі кіші комиссиясының бірінші отырысы өтті.

Қазақстан Сенаты мен Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің төрағалары өткен жылғы қараша айында заманауи технологияларды ілгерілете отырып, парламентаралық үнқатысудың жаңа қырларын ашу және бірлескен жобалардың жүзеге асуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге байланысты іс жүзіндегі нәтижесін көру мақсатында осы кіші комиссияны құру жөнінде шешім қабылдаған болатын.

Қазақстандық делегацияны Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Төлеубек Мұқашев бастап барды. Делегация құрамында сенаторлар Рашит Әкімов, Бақытжан Жұмағұлов пен Еділ Мамытбеков бар.

Екіжақты кіші комиссияның отырысында Қазақстан мен Беларусь елдерінің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда: Кіші комиссияның регламенті туралы; Қазақстанда ұшқышсыз ұшақтардың және ақпаратты қорғау құралдарының бірлескен өндірістерін ұйымдастыру; оптикалық-электронды құрылғылар және геометриялық өлшемдерді өлшеуге арналған жүйелер саласындағы ынтымақтастық мәселелері қозғалды.

«Біз екі елдің үкіметтері мен мүдделі ұйымдарының өзара іс-қимылы бұрынғыдан да тығыз болуына ынталандыруды өз міндетіміз ретінде көріп отырмыз. Біздің елдеріміздің экономикасы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Бұл ретте, біз, парламентшілер бір жағынан Беларусь тәжірибесін зерттеуге, ал екінші жағынан жан-жақты қолдау көрсете отырып, осы саладағы іс-қимылды жалғастыруға мүдделіміз», - деп атап өтті сенатор Т.Мұқашев.

Сапар аясында қазақстандық сенаторлар бірқатар объектілерді аралады. Олардың ішінде: «Жоғары технологиялар паркінің әкімшілігі» ББ; «Беларусь Ұлттық ғылым академиясы диодты жарық және оптикалық-электрондық технологиялар орталығы» республикалық ғылыми-өндірістік унитарлы мекемесі; «Гейм стрим» және «Адани» жоғары технологиялар компаниялары бар.

Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенатының баспасөз қызметі