• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Президент 17 Сәуір, 2019

Теміртауда «Елін сүйген Елбасы» фотокөрмесі ұйымдастырылды

834 рет
көрсетілді

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тариxи-мәдени орталығында өткен «Елін сүйген Елбасы» фотокөрмесін қалалық мектептердің оқушылары тамашалады.

Аталған орталыққа жасалған экскурсия барысында оқушы балалар Елбасының қызметтік көліктер паркінде болған «Мерседес Бенц S600L» автокөлігіне қатты қызығушылық танытты. Сонымен қатар олар Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы ұсынған жаңа жәдігерлерді, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке заттары мен ресми тұлғалардың тарту еткен сыйлықтарын да зор ықыласпен тамашалады.

Өскелең ұрпақ өкілдерінің қызығушылығын тудырған экспонаттар қатарында Владимир Путин сыйға тартқан Ресей ауыл шаруашылығының 12 томдық энциклопедиясы, ҚХР Төрағасы Си Цзинпиннің сыйы, Иманғали Тасмағамбетов тарту еткен ҚР Конституциясының тартулық басылымы, олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың велосипеді болды.