Сейсенбі, 28 тамыз 2012 7:22
Еліміздегі биліктің үш тармағы: атқарушы, заң шығарушы, сотбилігінің рөлі айқындалып, екі палаталы Парламент, Президенттіңқұзыры мен міндеттері, сот билігінің өкілеттігі жіктеліп, елКонституциясында бекітілді. Ата Заңымыздың 7-бабында ҚазақстанРеспубликасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі екені, мемлекеттікұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тіліресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатыны көрсетілген.Конституцияның маңызы мен рөлін күшейту мемлекеттегі құқықтықсаланың дамуының заңды үрдісі болып табылады. РеспубликамыздаЖоғарғы Сот бас болып, біртұтас соттық жүйе құрылып, біркелкісоттық тәжірибе орнатылып, бірегей кадрлық саясат жүргізугемүмкіндік туды.

Конституция еліміздегі әрбір адамның құқығын қорғаса, сот билігі Конституциядан бастап барлық заң актілерінің бұзылмауын, орындалуын қадағалайды. Сондықтан Конституция күнін сот жүйесі төл мерекесі ретінде атап өтеді.
Қазақстан судьяларының бесінші съезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Еліміздің Конституциясында Қазақстан адам және оның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына өзінің ең қымбат қазынасы ретінде қарайтын мемлекет ретінде сипатталады», деп атап өтті. Еліміз егемендік алған алғашқы күндерден бастап, Президент Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз сот пен қуатты құқық қорғау органдарын құруды мемлекет дамуының басым бағыттардың бірі ретінде белгілеп, осыған қатысты шаралардың жедел жүзеге асырылуын талап етуі және тікелей қолдауының арқасында қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетіміздің тұғырлы сот-құқық қорғау жүйелері қалыптасты.
Сот жүйесінің дәл қазіргі уақыттағы жеткен басты биігі – халықтың сотқа деген сенімінің артуы. Сондықтан сот жүйесін одан әрі жетілдірудегі басым бағыттардың бірі және бірегейі соттың ашықтығы, жариялылығы, халық пен сот арасында екіжақты байланысты бекемдеу болып қала бермек. Үстіміздегі жылдың 28-шілдесінде Жоғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаровтың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуі кезінде: «Елбасының «Әділ және адал сот – демократиялық, құқықтық мемлекеттің маңызды негізі», деген сөзін басшылыққа алып, сот жүйесіндегі рухани өзгерістердің де тереңдеуіне зор мән бермекпіз, яғни судья заңға қалай адал болса, адамгершілік ұстанымы алдында да сондай таза болуы керек деген талап біздің жұмысымыздың негізгі бағыты болады» деп айтқан болатын. Қазіргі таңда елдің басты саяси құқықтық құжатын қабылдау біздің Отанымыздың тарихындағы елеулі оқиға болып, Қазақстанның дамуының жаңа кезеңіне көшудің басын ашып, саяси жүйенің нақ ортасында құқықтарымен, тәуелсіздігімен бірге адам, азамат тұрғандығы мемлекетіміздегі жүргізіліп келе жатқан құқықтық реформаның жемісі болып есептеледі. Ал азаматтардың құқықтары мен еркіндігін сақтау нарықтық экономикадағы демократиялық үдерістердің дамуының алғышарты болып отыр.
Жалпы айтқанда, Конституциялық ережелерді жүзеге асырудағы басты мақсаттардың бірі елімізде конституциялық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету. Өйткені, мемлекет саясатының құқық қорғау сипаты Конституцияда негізделіп, бұл барлық қылмыстық-құқықтық саясатты ізгілендіру үдерісіне әсер етеді. Адам және азамат құқықтары мен тәуелсіздігін қорғаудың ұлттық тетіктері оны қамтудың халықаралық құқықтық қалыптарымен толығатыны сөзсіз.
Ата Заңымыздағы қарастырылған құқықтар мен еркіндіктердің жүзеге асуын қолдап, бағалауымыз керек. Осындай жағдайда ғана біз қоғамның шынайы конституциялық дүниетанымын, жаңа конституциялық мәдениетті қалыптастыра аламыз. Мәдениеттілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық әрбір отбасындағы тәрбие шеңберінен бастау алса, әділдік пен заңдылықтың күретамыры Ата Заңымыздың бұлағынан сусындалады.
Меруерт ҚАНАФИЯНОВА,
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылғанауданаралық сотының
бас маманы.