• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Қыркүйек, 2012

Түркістан және туризм

484 рет
көрсетілді

Түркістан және туризм

Сенбі, 8 қыркүйек 2012 7:21

Тарих қойнауынан сыр шертсек, өткен замандарда қаһармандық пен бекзаттықтың биік өнегесін танытатын ерлер өздерін Әулие Бабамыз – Қожа Ахмет Ясауидің көк күмбезінің астына жерлеуін өсиет еткен. Оны ғасырлар бойы қалыптасқан кесене айналасына мыңдаған тарихи тұлғалар жерленгендігін археологиялық зерттеу жұмыстары көрсетіп отыр.

 

Сенбі, 8 қыркүйек 2012 7:21

Тарих қойнауынан сыр шертсек, өткен замандарда қаһармандық пен бекзаттықтың биік өнегесін танытатын ерлер өздерін Әулие Бабамыз – Қожа Ахмет Ясауидің көк күмбезінің астына жерлеуін өсиет еткен. Оны ғасырлар бойы қалыптасқан кесене айналасына мыңдаған тарихи тұлғалар жерленгендігін археологиялық зерттеу жұмыстары көрсетіп отыр.

Кеңес өкіметі кезінде тарихымызға жасалған қиянаттың салдарынан, оның алдында Қоқан билігі мен патшалы Ресей билігі тұ­сын­да­ғы қасақана әрекеттерден құлпытастардың барлығы дерлік жойыл­ған. Мұнда жерленген тұлғалардың көпшілігінің аты-жөндері бел­гі­сіз, құлпытастары жойылып, дерек-мәліметтер аз қалған. Кесенеге жер­ленген тұлғалардың ұрпақтары мен мұражай қызметкерлерінің ізденулерінің арқасында тұлғалар жайлы біршама деректер жиналды. Алғаш рет 1999 жылы кесенеге және кесене маңына жерленген тұл­ға­лардың тізімі жасалып, тақтаға жазылып, экспозицияға шыға­рыл­ды. Кесене және оның айналасына жерленген тарихи тұлғалардың нақ­тылы саны қанша екендігін дәл айту мүмкін емес. Өткен ғасырда кесенеге жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарына қатысқан кісі­лер­дің естеліктеріне, сол жобаларға жетекшілік жасаған мамандардың есептеріне қарағанда кесененің айналасындағы топырақты сүргенде адам сүйегі өте көп мөлшерде болған. Жыр-дастандарда қазақ хандарын, біртуар азаматтары мен игі жақсыларын Түркістанға – Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесінің маңына алып келіп жерлегендігі туралы айтылады. Сондықтан казіргі таңда 162 адам жерленгендігі бел­гілі болып отырса, алдағы уақытта бұл тізім толыға береді деген сөз.ХV ғасырдың аяғында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі билік иеле­рі­нің пантеонына айналып, Дешті Қыпшақтың әйгілі хандары мен ханым­дары жерленеді. Мұнда Дешті Қыпшақ ханы Әбілхайырдың әйелі, атақты Ұлықбектің қызы Рабия Сұлтан Бегім және Әбілхайыр хан­ның шөберелері Құл-Мұхаммед сұлтан мен Мастура-хатунның жер­ленгендігі белгілі. Бұдан кейін мұнда қайтыс болған қазақ хандары мен сұлтандары, ханшалары қойыла бастады. Қазақ ханы Жә­ні­бектің қызы Аманбике, белгілі тарихшы Қадырғали Жалайыри, Шы­ғай ханның баласы Ұзыноқты Ондан сұлтанның сүйектері осында қой­ылған. ХVІ ғасырдың соңында Түркістан аймағы Қазақ хан­ды­ғының құрамына толық өтіп, қала хандықтың астанасына айналды.XVII ғасырдың басынан қазақ хандары мен олардың отбасы мүшелері, батырлар мен билер кесенеден мәңгі жай тапты. Бұл кезеңде Есім хан (1628 ж), Жәңгір хан (1652 ж), Ондан сұлтан мен оның ұлы Қайнар-Күшек жерленсе, XVIII ғасырда Тәуке хан (1715 ж), Болат хан, Абылай хан (1780 ж), Ұлы жүз ханы Жолбарыс (1740 ж), Орта жүз хандары Семеке мен Әбілмәмбет және оның ұлы сұлтан Әбілпейіс осында жерленді. Сонымен бірге орта жүздің биі Қаздауысты Қазыбек би, қанжығалы Бөгенбай батыр да осында қойылған. Жалпы, Ахмет Ясауи кесенесінде 25 қазақ хан-сұлтандары (хандар – 21, сұлтандар – 4), 26 би-абыздар мен 49 батыры және 61 игі жақсылары жерленді. Кесене маңындағы арнайы даярланған мазарларда хан сүйектері жерленіп, кейіннен мазарлар қиратылған соң, басына қойылған құлпытастар кесене ішіне қайта қойылды.Міне, жақында осындай есімін ел ардақтаған тұлғаларға арнап, ке­сененің қарсы бетінен, яғни «Алматы» алаңынан Оңтүстік Қа­зақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен биз­нестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында кесене маңында жерленген қазақ даласының хандары, сұлтандары, билері мен батыр­ларының есімдері жазылған мемориалдық ескерткіш тақта орнатылды.Сондай-ақ, Түркістанды одан әрі түлету мақсатында «Түркістан да­мыту» қоры атты қайырымдылық қоры құрылды. Жалпы, бұл қа­ладағы туризм саласын дамыту үшін мемлекет тарапынан бөлінетін қар­жыға иек артпай, аталған қор қаржысын пайдалану назарға алын­ған. Міне, осындай мақсатта қорға түскен қаржыдан бой көтеретін ал­ғашқы нысан туристерге қызмет көрсететін зияратшылар орта­лы­ғы болып отыр.Орталықтың дайындалған жобасында туристерге барлық жағ­дай­лар қарастырылған. Жоба бойынша туристер орталығы 200 орынға арналған. Орталық 72 бөлмеден тұрады. 2012-2013 жылдарға арнал­ған жоба бойынша туристер орталығының жұмысына жалпы құны 179,0 млн. теңге жоспарланып отыр. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 21,0 млн. теңге және жеке инвесторлар есебінен 158,0 млн. теңге тартылмақ. Жоба бойынша туристер кешенінің инфра­құ­ры­лы­мын қалыптастыру мақсатында сыртқы жүйелерін жүргізуге қажетті қар­жы көлемі 29,5 млн. теңгені құрамақ. Соның ішінде электрмен, сумен, сарқынды су жүйелерімен және автокөлік жолдарымен қам­тама­сыз ету қарастырылған. Айта кетерлігі – аталған орталықтың инфра­құрылымына қажетті қаржы көлемі әзірге жоба ретінде жасалған.Оңтүстік Қазақстан облысы,

Оралхан ДӘУІТ,«Егемен Қазақстан».

Түркістан қаласы.