• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2010

ӘДІЛ ІСТІҢ АРТЫ ИГІ, ӘДІЛ СӨЗДІҢ ЖОЛЫ ИГІ

1903 рет
көрсетілді

Біз “Қазақстан-2030” Страте­гия­сын орындай отырып, ал­ғашқы онжылдыққа бағдар­ла­ма жасап, оны тәмамдадық. Ен­дігі бағдарымыз стра­те­ги­я­ның келесі онжылдығына қа­рай қадам жасау болып табы­лады. *** Он жылда 600-ден астам мек­теп, 400-ден астам денсаулық сақ­тау нысаны са­лын­ды, 350 мың от­басы – шамамен 1,2 мил­лион адам тұр­ғын үйге қол жет­кіз­ді. 32 мың шақырым жолдар салынды және жөн­делді. *** Агроөнеркәсіп ке­шеніне де бұрын-соң­ды болмаған көмек­тер көрсетіліп, мем­лекет үлестік құры­лысты аяқтау жөнін­дегі барлық шығын­дар­ды өз мойнына алды. Ел елдің түбі бір, ер ердің тілегі бір демекші, біз осылайша қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзіміздің бастамаларымыз арқылы жоғары халықаралық беделге ие болып отырмыз. Сөйтіп, Қазақстан жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан мемлекет ретінде танылып үлгерді. Биылғы жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі де соның айғағы. Біз “Қазақстан-2030” Страте­гия­сын орындай отырып, ал­ғашқы онжылдыққа бағдар­ла­ма жасап, оны тәмамдадық. Ен­дігі бағдарымыз страте­ги­я­ның келесі онжылдығына қа­рай қадам жасау болып табы­лады. Жолдаудың сөзі – өмір­дің өзі демекші, Елба­сының биылғы “Жаңа он­жыл­дық – жаңа эконо­ми­ка­лық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты халыққа Жолдауы да осыған арналған. 1997 жылы біз “Қазақстан-2030” Стратегиясын қабылдап, ел­дің ұзақ мерзімді күн тәртібін, бас­ты мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастыра білдік. Кейін олар 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарда қисынды түрде дамы­тылды. Сөйтіп, бір жеңнен қол, бір жа­ғадан бас шығарып, біраз нәти­же­лер­ге де қол жеткізіп үлгердік. Елі­міздегі орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге, яғни 50 пайыздан 12 пайызға дейін азайды. Елбасы ел халқы санының 2020 жылы 10 пайызға өсуі үшін мем­лекет барлық қажетті жағдайларды жасайтындығын айтты. Сондықтан ол 2020 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 5 пайыздан, ал табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен тө­мен халықтың үлесі 8 пайыздан ас­пайтын болсын деген міндет қойды. Ал 2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдерін ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінің 60 пай­ы­зы деңгейіне дейін өсіріп, мем­лекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін 2010 жылмен салыс­тыр­ғанда 1,2 есе арттыру жоспарланып отыр. Былтырғы жылы зейнетақылар, шәкіртақылар, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақылары 20 пайыз өсірілді, ал әлеуметтік жәр­демақылар орта есеппен 9 пайызға артты. Биылғы жылы республи­ка­лық бюджеттен зейнетақыларды 1 қаңтардан бастап, ал шәкіртақылар мен бюджеттегілерге еңбекақыла­рын 1 шілдеден бастап 25 пайызға өсіру қарастырылған болатын, алай­да, өткен жылғы экономика өсі­мінің оң серпіні шәкіртақылар мен бюджеттегілердің еңбекақы­ла­рын үш айға бұрын, яғни биылғы жылдың сәуір айынан бастап өсіру­ге мүмкіндік беріп отыр. Қажетті шараларды қабылдау үшін Елбасы Үкіметке тапсырма берді. Жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайызды құрады, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыттағыдан төмен. Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері де жақсарып қалды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65 жастан 68 жасқа дейін ұлғайтылды, ана өлімі екі есеге азайды, ал бала туу бір жарым есеге өсті. Дегенмен, денсаулық сақтау нысандарын салу және жабдықтау, кадрларды даяр­лау, саламатты өмір салты жөнін­дегі мемлекеттік шаралар кешені 2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30 пайызға азайтып, тубер­ку­лез бен ауруды 20 пайызға қыс­қартуы тиіс. Сонымен қатар, Елба­сы бұл ретте өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 72 жасқа дейін ұлғаяды деп атап өтті. Он жылда 600-ден астам мек­теп, 400-ден астам денсаулық сақ­тау нысаны салынды, 350 мың от­басы – шамамен 1,2 миллион адам тұрғын үйге қол жеткізді. 32 мың шақырым жолдар салынды және жөн­делді, бұл – біздің мем­ле­ке­тіміздің барлық жолдарының үштен бірі. Білек түр де еңбек ет деп “Жол картасы-2009” бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел аумақтарында тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығын реконс­трук­циялау жөнінде 800-ден астам жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, ав­то­жол­дар, жүз­де­ген мектептер, ауруханалар, мәдениет және спорт ны­сан­­дары жөн­делді. Әр ауылға дейін жеткен мұн­дай аса ма­ңызды жұ­мыс тұңғыш рет жүр­гізіліп отыр. Ендігі тұрғын үй саласындағы талап, ол тұрғын үй құрылысын дамыту саясатын жетілдіруді талап етеді. Бұл ретте Елбасы аза­мат­тар­дың, тұрғын үй жинақ банкі­нің, мемлекет пен құ­рылыс ком­панияларының тең құ­қы­лы әріптестігі қағидатын пайда­лану қажеттігін атап өтті. Және би­ыл­ғы жылы Үкіметке “Жол кар­тасы-2009” жоспары бойынша басталған тұрғын үй-коммуналдық сектор нысандарын қайта жаң­ғыртуды, ал 2011 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кең ауқымды жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі жоспарын жасауды тап­сыр­ды. Шағын қалаларда халықтың 100 пайызы үшін сапалы су қол­же­тімді болуы тиістігін қадап айтты. Келесі қадам – елді жаңғырту стратегиясын жүзеге асыруда 2020 жылға қарай қалалық, сол сияқты ауылдық жерлердегі барлық бала­лар­ды мектеп жасына дейінгі тәр­бие беру және оқытумен қамту жос­парланып отыр. Осы мақсатта Үкіметке әкімдермен бірлесе оты­рып, үстіміздегі жылдың бірінші жар­тысында балаларды мектеп жа­сына дейінгі оқытумен және тәр­бие­мен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған “Балапан” арнайы бағ­дарламасын әзірлеп, жүзеге асыруға кірісу тапсырылды. Сонымен қатар, 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабыл­дауы қажеттігін атап көрсетті. Астана қаласында құрылып жат­қан бірегей оқу орындары “Жаңа халықаралық университет”, “Арнаулы қор” және қазіргі жұмыс істеп жатқан “Интеллектуалдық мек­тептер” секілді жобалардың ерек­ше басымдылығын айтып, оларға өзінің есімін алуына келісімін берді. Бұл Жаңа университеттің ая­сында Астанада биылғы жылы үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады деп жоспарланып отыр, атап өтсек, бұл Өмір туралы ғы­лым­дар орталығы, Энергетикалық зерттеулер орталығы, Инжиниринг орталығы. Осы оқу орындарының толық түрде жұмыс істеуі үшін үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Үкі­метке тиісті заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізуді және елдің ғылыми-технологиялық дамуының 2020 жылға дейінгі салааралық жоспарын әзірлеуді тапсырды. Оған қоса, “Ғылым туралы” жаңа заң­ның әзірленуін жеделдету қажет­тігін айтып өтті. Агроөнеркәсіп кешеніне де бұрын-соңды болмаған көмектер көрсетіліп, мемлекет үлестік құры­лысты аяқтау жөніндегі барлық шығындарды өз мойнына алды. Ауыл аяғынан тік тұрып келеді, жаңа техникамен және техноло­гия­лармен жарақтануда. Алғаш рет Қазақстан азық-түліктік астықты ірі көлемде экспорттайтын елге ай­на­лып, ұн экспортынан әлемде бі­рінші орынға шықты. Аграрлық сектор экономиканы әртарап­тандыруға және экспортқа нақты үлес қоса алатын жағдайға жетті. Агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттыру экономиканың бар­лық салаларының дамуына, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін арт­тыруға және қоғамдағы әлеу­меттік-экономикалық ахуалды жақсартуға елеулі ықпал етеді. Себебі, ауылдық жерлерде еліміз халқының 47 пайызы тұрады. Осы салада елдің экономикалық бел­сен­ді халқының үштен бірі еңбек етіп келеді. Биылғы жылы агроөнер­кә­сіптік кешенді қолдауға Ұлттық қор­дан 120 миллиард теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, алдағы уа­қытта саланың бәсекеге қабілетті­лі­гін арттыру мақсатында биылғы жылдан бастап, мемлекеттік суб­си­диялар ылғал қорын үнемдеуге ба­ғытталған технологияларды қолдан­ғандарға ғана берілетін болады. Бүгінде жаһандық қаржы-эко­номикалық дағдарыс жағадан алып тұрса да, еліміздің ауыл шаруашы­лығы кешені үдемелі қарқынмен дамып келеді. Соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шай­қа­сында еліміздің қаржы жүйесі қорғауға алынып, жүйе құраушы банктер сақталып қалды. Шағын және орта бизнес те көп қиыншылық көр­ген жоқ. Иә, бірлік бар жерде тірлік бар деп осы­ны айт. Десе де Елбасы 2011 жылы биз­несті тіркеуге және бизнесті жүр­гізуге байланысты операциялық шығындарды 30 пайызға, ал 2015 жылы тағы да 30 пайызға қыс­қар­ту­ды тапсырып, онжылдықтың со­ңында шағын және орта бизнестің ІЖӨ-дегі үлесі 40 пайызға дейін көтерілуі тиістігін айтты. Себебі, біз 2020 жылы Қазақстан бизнес ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің қатарына енуі керек. Ол үшін елі­міздің қаржы жүйесінің тұрақ­ты­лығы мен орнықтылығын қамтама­сыз етудің маңызы өте зор. Біз егер жедел түрде әртарап­тан­дыруға қол жеткіземіз десек, ал­дағы уақытта өңірлік даму рефор­маларын жүргізуге тиіспіз. Елба­сы­ның 2020 Стратегиялық жоспары­ның аса маңызды бөлігі де осы жаңа өңірлік саясат болып табы­ла­ды. Сондықтан Президент эконо­ми­калық өсу орталықтарын қалып­тас­тыруды бастау қажеттігін, елі­міз­дің батысында мұнай-газ секторын, химия өнеркәсібін, жабдықтар өндірісі мен көліктік қуаттарды, ал орталықта, солтүстікте, оңтүстік пен шығыста кен металлургия ке­шенін, атом, химия өнеркәсібі мен аграрлық индустрияны дамытуы­мыз керектігін айтты. Ал Алматы мен Астанада болашақ экономи­ка­сының секторы дамуы тиістігін атап өтті және ішкі сұраныс база­сындағы секторларды дәстүрлі индустриялар жанында, сондай-ақ кадрлық әлеуеті бар Алматы мен Астана қалаларында дамыту қажеттігін де айтып өтті. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын тойлаймыз. Алайда, адам бейнесіндегі айуан­дар­дың тырнағы салған жара – тән мен жан жарасы әлі толық жа­зыл­ған жоқ. Бұл Жеңіспен аяқталған Ұлы Отан соғысы – бізге тағы­лым­ды тарих, ал өскелең ұрпақ үшін – қасиетті өнеге. Жаралы жылдар жаңғырығы ел басына қатер төнген кезеңнің куәгерлері – саусақпен санарлықтай сиреп қалған май­дан­герлердің күні кешегідей жадында. Бұл Жеңіс күні мейрамын той­лауға байланысты соғысқа қатысу­шы­ларға және мүгедектерге жеңіл­дік­пен жол жүрулері үшін 300 мил­лион теңгеден астам қаржы қарас­тырылып отыр. Сонымен қатар, әрбір соғысқа қатысушы мен соғыс мүгедегіне бюджеттен 65 мың теңге мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленетін болады. Сондай-ақ, соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген, Ұлы Отан соғысы уақытындағы қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен жұбайлары, қаза болған соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген мүгедектердің жұбайлары, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері де материалдық қолдаусыз қалмайды. 1991 жылдан бастап өзіміздің тәуелсіз, егемен мемлекетіміздің негізі қаланды, Қазақстан толық­қан­ды, шынайы тәуелсіз мем­ле­кет­ке тән барлық басты нышандарға ие болды. Елдің ішкі-сыртқы саяси жағдайы, құқықтық ахуалы, конс­титуциялық құрылымы, экономи­ка­лық жүйесі түбегейлі өзгеріп, жаңа сипат алды. Қазақстан қазақ халқының тарихи-генетикалық Отаны, атамекені екені құқықтық тұрғыда конституциялық және халықаралық деңгейде толық негізделді. Қазақстанды тәуелсіз мемлекет, егеменді ел ретінде әлемдік қоғамдастық түгел та­ныды. Республиканың қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығына әлем­дегі ең ірі державалардың кепіл­дігін алуға қол жетті. Халықтың са­насы оя­нып, әлеуметтік белсен­ділігі кү­шейе түсті, бұрынғыдай партия не айтса, соған құлдық ұрып тұратын құлақкестіліктен арыл­ды. Мемле­кет­тік-ұжымдық сана, дүниетаным жекешіл дербес қоғамдық санамен алмасты. Иә, бейбіт елде береке бар деген осы. Алайда, мұндай же­тіс­тіктерге жетсек те, алдағы уақыт­та істейтін жұмыстар да аз емес. Ендеше, тәуелсіз еліміздің болаша­ғы жолында тер төге еңбек етейік.