2019 жылғы 25 сәуірде Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевтің кездесуі өтеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар кездесу барысында сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, отын-энергетика, ғарыш салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелерін талқылайды. Аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту келешегін қарау көзделген.
Қазақстан және Ресей Үкіметтерінің басшыларының кездесуі шағын және кеңейтілген құрамдарда өтеді.