Алматыдағы Б.О Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының дәрігерлері 90 жастағы тыл ардагеріне күрделі ота жасап, қуығынан алты бірдей тас алды. Жеңіс күні қарсаңында Урология ғылыми орталығының ұжымы қарияны келе жатқан Ұлы Жеңіс мерекемен құттықтап, ауруханадан шығарып салу рәсімін өткізді.
. Урология ғылыми орталығында тиісті ем шараларын қабылдаған қарияның денсаулығы қазір бірқалыпты. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, ата-әжелеріміз аман болсын. Біз олардың жасаған жақсылығын ұмытпаймыз. Үлкендерге құрмет көрсету – біздің басты парызымыз», дейді орталық мамандары.