• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
24 Сәуір, 2019

Екпе апталығына шақырады

895 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Вакцинамен бірге қорғалайық!» тақырыбында Дүниежүзілік иммундау апталығына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Жиында Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Жандарбек Бекшин вакцинаның маңызына тоқталды.

«Қазақстанда иммундық алдын алу – денсаулық сақтаудың басым бағыттарының бірі. Вакциналар негізгі дәрілік заттар тізіміне енгі­зілген және халықты вак­цина­лау «Халық денсаулығы және ден­саулық сақтау жүйесі тура­лы» Кодекске сәйкес тегін меди­цина­лық көмектің кепілдік берілген кө­леміне кіреді. Ұлт­тық профи­лак­тикалық егулер күн­тізбесі 21 инфекциялық аурудан қор­ғауды қамтиды. Еліміздің ек­пе­­лер күнтізбесі ДДҰ-ның қағи­да­­ларына сәйкес келеді және көп­теген дамыған елдердің (Аустрия, Израиль, Бельгия, Герма­ния, Түр­кия, Жапония) иммун­дау жүйе­сіне ұқсас. 2008 жылдан бас­тап Қазақстанда вакциналарды енгізу үшін қайта қолданылмайтын шприцтер пайдаланылады. Бұдан басқа, иммундаудан кейін қо­лайсыз көріністердің дамуы бо­йын­ша қауіп-қатерді төмендету мақ­сатында 2013 жылдан бастап бала­ларға арналған көп дозалы вак­циналар бір дозалы вакцинаға ауыс­тырылды. Бұл ретте балалар үшін ауырсынуды азайту мақ­сатында (екпе санын азайту) бір уақытта бес және алты инфек­циядан қорғайтын вакцина қол­данылады. Балаларды сапасы­на кепілдік берілген вакцина­лар­мен қамтамасыз ету мақса­тын­да министрлік тек ДДҰ серти­фи­кат­таған вакциналарды сатып алады. Иммундау көмегімен инфек­циялық ауруларды және одан бо­латын өлім-жітімді азайту үшін көп жұмыс атқарылды. Соң­ғы 20 жылда (1998 жылдан бас­тап) мынадай сырқаттанушылық көрсет­кіш­тері төмендеді: қызамық – 1998 жыл­ғы 15 мың жағдайдан 2018 жыл­ы 1 жағдайға дейін, паротит – 140 еседен астам (2018 жылы 38 жағдайға дейін), «А» ви­рус­тық гепатиті – шамамен 40 есе (2018 жылы 880 жағдайға дейін), «В» вирустық гепатиті – 40 есе­ден астам (2018 жылы 95 жағ­дайға дейін), дифтерия жағ­дай­лары 10 жыл бойы тіркелген жоқ. Дәрі­герлер балалардағы В гепати­тінің кли­никасын ұмыта бастағанын ай­тады, өйткені соңғы жылдары ба­ла­лар В гепатитімен өте сирек ауы­рады», дейді Бас санитарлық дәрігер. 

Сонымен қатар ол вакцинадан бас тарту нәтижесінде соңғы жылдары тұрғындар арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялар тіркелгенін тілге тиек етті. 

«Биыл 5847 қызылша жағдайы тіркелді, оның 60,7%-ы егілмеген адамдар (3553 адам), оның ішінде 569 адам бас тартуына байланыс­ты. 2018 жылы егілмеген адамдар арасында (55) қызылша, (81) көкжөтел жағдайы тіркелді. Соңғы уақытта вакцинадан бас тарту мәселесі маңызды болып тұр. 2018 жылы елде вакцинадан 5750 бас тарту тіркелді (2017 жылы – 5388 жағдай). Ресми деректер бойынша жеке наным бойынша бас тарту басым, олар барлық бас тартулардың 51%-дан астамын құрайды, діни себептерге байланысты 32%-дан асады, 10%-ы вакциналарға сенімсіздік білдірген, БАҚ (интернет ресурстары, баспасөз, ТВ) арқылы жағымсыз ақпаратқа байланысты 6%-ы. Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігінің профилактикалық егуден бас тартудың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары іске асырылуда, оған сәйкес бірқатар шаралар жүргізілді», деді Ж.Бекшин. 

Айта кету керек, Қазақстанда иммундау апталығы 2018 жылғы 24-30 сәуір аралығында өтеді. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан халқына өздерінің балаларын инфекциялық аурулардан қорғану құқығынан айыр­мау­ға және барлық қолжетімді әдіс­термен, оның ішінде вакциналаумен олардың денсаулығын қорғауға етуге шақырды.

Рауан ҚАЙДАР,

«Egemen Qazaqstan»