• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Руханият 06 Мамыр, 2019

Алматыда «Шығармашылық вирусы» атты суретшілер көрмесі ашылады

1085 рет
көрсетілді

2019 жылдың 8 мамыр күні Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің қабырғасында «Шығармашылық вирусы» атты кескіндеме және графика көрмесі ашылады.

Көрмеде «Георгий Халанскийдің студиясы» көпшілік назарына жас суретшілердің шығармашылығын ұсынады. Экспозицияға қылқалам шеберлерінің кескіндемелік және графикалық мәнерде орындалған үш жүзге тарта туындысы қойылады. Бұл – студияның 20 жылдығына арналған мерейтойлық көрме. Көрмеге қатысушылар үш жыл бойы дайындалған. Енді көрермендер олардың үздік шығармаларымен таныса алады. Мұндағы әрбір суретшінің өмір туралы өз ойлары мен жеке өздеріне тән қолтаңбалары, сүйікті тақырыптары мен орындау техникалары бар.

«Біздің алдымызда Смағұл Бахтиярдың позитивті ирониясы, Талаева Екатеринаның шартты шынайылығы, Шрамко Оксананың лирикалық реализмі мен Цай Ольганың сезім символизмі ашылады. Сүйікті ертегілерінің қаһармандары тіріліп келеді, су асты патшалығы тұрғындарының фантастикалық образдары, жарық дүниеге қайтып оралған балалық шақтың көріністері, портреттер, сезімдер мен армандар су бетіне қалқып шығады», – дейді музейдің баспасөз хатшысы Клара Исабаева.

Көрме ұйымдастырушылары көрермендерді аты аталған суретшілерден өзге Вера Водневаның шығармашылығымен таныстырады. Оның кестесі жоғары сапасымен, терең колоритімен және әрбір детальға ерекше көңіл қоюымен ерекшеленеді.

АЛМАТЫ