• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Мамыр, 2019

Тоғыз адамның өмірін қиған көлік апаты тергелуде

881 рет
көрсетілді

Алматы облысының аумағында болған көлік апатының салдарынан 9 адам қайғылы қазаға ұшырады. Оқиға 12 мамыр күні «Алматы-Бішкек» автожолының 109-шақырымында болған.

Жоғары жылдампен жүйткіп келе жатқан «Lada» және «Toyota Camry» авто көліктерінің бетбе бет соқтығысып, көліктегі адамдар сол заматта жантәсілім еткен. Қаза тапқандардың ішінде Алматы қаласының, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары бар. Полиция алдын ала тергеу ісін бастаған. Болжам бойынша «Lada» көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, екінші көліке барып соғылған.

Жалпы, биыл Жетісу жолдарында көлік апаты жиілеп тұр. Апатты жағдай былтырғыға қарағанда 40,7 процентке көбейіп, оқиға салдарынан 33 адам көз жұмған. Жол-көлік оқиғаларының басты себептерін саралаған полицейлер қайғылы жағдайға жеткізетін негізгі фактор ретінде көлік тізгіндеушілердің жылдамдық режимін сақтамауы, қозғалыстың қарсы бағытына шығуы және жаяу жүргіншілердің ереже бұзуын атайды.

- Жол ережесі талаптарын сақтамаған жүргізушілердің қатары тіптен көп. Өткен 3 ай көлемінде тәртіп сақшылары үш мыңға жуық автокөлік иесіне әкімшілік хаттама толтырған. Жолда жүрудің тәртібін жаяу жүргіншілер де жиі бұзады. Соның салдарынан адам өміріне қауіп төніп, қайғылы жағдаймен аяқталған мысалдар жеткілікті, - дейді Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.