Вице-министр жеке жағажайларда кезекшілік ету үшін ТЖК бөлімшелерінде арнайы даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушы-жасақшылар есебінен 114 объектілік құтқару бекеті құрылғанын жеткізді. «Су айдындарының қауіпті және қорғалмайтын учаскелерінде жедел-құтқару жасақтары қосымша 53 мобильді құтқару бекеттерінің кезекшілігін ұйымдастырды. Суға кетіп қайтыс болудың алдын алудың негізгі құралдарының бірі – халықпен ақпараттық жұмыс. Жыл басынан бері өңірлерде 28 брифинг өткізілді, халық арасында 65 мыңнан астам үгіт-насихат өнімдері (парақшалар, жадынамалар, брошюралар) таратылды, теле-радиоларда 556 сөз сөйлеу ұйымдастырылды», деді ол.
Сондай-ақ Ішкі істер министрінің орынбасары балалардың суға батуының алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. «Еліміздің оқу орындарында жоспардан тыс ата-аналар жиналысы өткізіліп, оларға су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары айтылды. Суда қауіпсіздік бойынша 152-ден астам интерактивті сабақ ұйымдастырылды. Оған 140 мыңнан аса оқушы қамтылды», деді Ю.Ильин.
Су қоймаларына жақын орналасқан 45 балалар лагерінде құтқарушылар жағажайдың түбін, құтқару жабдықтарын тексеріп, ақпараттық стендтер орнатқан. «Суға шомылу маусымының қызған уақыты маусым-шілде айлары. Бұл халықтың басым бөлігі еңбек демалысына, балалар жазғы демалысқа шыққан уақыт. Ол кезде адамдар жаппай су айдындарына барады» деген вице-министр жыл сайын қайталанатын суда жазатайым жағдайға тап болудың себебін адамдардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаумен байланыстырды. Сондықтан да Төтенше жағдайлар комитеті жұртшылықты судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.