Сенбі, 27 сәуір 2013 2:59
Осыдан тура 75 жыл бұрын, 1937 жылдың қазан айында бізді Ресейдің Приморье өлкесінен жүк пойызымен Алматы облысы, Үштөбе стансасына әкелген еді. Ол кезде қазіргі темір жол стансасының орнында темір жол жұмысшыларына және колхозшыларға арналған бірнеше жертөле ғана бар болатын. Депортацияланған адамдарды сол үйлерге бөліп орналастырды. Тағдырдың жазуымен депортацияланған әкелеріміз бен аналарымызды қазақ халқы қонақжайлылықпен қарсы алып, мүмкіндіктерінше қолдау көрсеткенін біз ешқашан ұмытпаймыз, ұрпағымызға ұдайы айтып, тарихнаманы біліп жүрулерін де тапсырып, өтінеміз.

Қазақтардың бізге түсіністікпен қарап, қысылтаяң шақта қолдағанының арқасында біз, нақтылай түссем, депортацияланған кәріс халқы ұрпақ сабақтастығын жалғап, екінші Отанымызда бейқұт өмір сүрудеміз. Тұтастай алғанда, қазақтардың дәстүрімен кәрістердің салтарында көптеген ұқсастықтар бар. Бет әлпеттегі теріміздің біртүстілігі, мұрындарымыздың да келіңкірейтіні өз алдына. Сондықтан да болар, көп жағдайда екі ұлт арасында отасып, шаңырақ көтеретіндер де баршылық.
Достықсыз біз жетістіктерге жетуіміз неғайбыл еді. Оны елестете де алмаймын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, одан кейін де Қаратал өңірінде ауыл шаруашылығы саласын сол бірліктің, ынтымақтың арқасында жақсы дамыттық. Сол үрдіс бүгін де жанды жалғасын табуда. Кеңестік дәуірде Қазақстан бойынша 60-тан астам кәріс Еңбек Ері атағын алса, соның 29-ы біздің үштөбеліктер.
Біз бүгінде көпұлтты Қазақстан Республикасында тату-тәтті өмір сүрудеміз. Ел бірлігі нығайған үстіне нығайып, ынтымақтастық жалғасуда. Қарттарды осы бейбіт өмір қуантады. 1937 жылғы репрессияның 75 жылдығына байланысты республикамызда кәрістер диаспорасын аштық. Бұл монумент қазақ халқына деген біздің құрметіміздің бір белгісі болды. Қазақ халқына мың тағзым. Өзге ұлттардан бөлмей, кәріс халқының да салт-дәстүрін жаңғыртып, мәдениетін дамытып, ана тілінің сақталуына ықпал еткені үшін біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа өте разымыз.
Николай ПАК,
Қаратал ауданының құрметті азаматы,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының
кандидаты.
Алматы облысы.