Оның айтуынша, 2019 жылғы 3 маусымда Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар миссиясының 11 байқаушысын және ЕҚЫҚ/ДИҚАБ миссиясының 2 байқаушысын аккредиттеуге ұсыныс түскен.
Сонымен қатар 7 шет мемлекеттен: Ұлыбритания, Кытай, Үндістан, Палестина, Ресей Федерациясы, АҚШ, Грузиядан 33 байқаушы ұсынылған көрінеді. Олардың ішінде Үндістан мен Ресей Федерациясының орталық сайлау органдары өкілдері бар екендігін атап көрсеткен жөн. Осылайша аталған отырыста 46 байқаушының барлығы аккредиттеуге шығарылды.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу 2019 жылғы 12 сәуірде басталды және аккредиттеуді Орталық сайлау комиссиясы кеше 3 маусымда сағат 18.00-де аяқтады.
Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу мәселесі ОСК-ның 6 отыр-ысында қаралды. Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын байқау үшін 1013 байқаушы аккредиттелді. Оның ішінде 866 байқаушы 9 халықаралық ұйымнан және 147 байқаушы 41 шет мемлекеттен.
«Байқаушылардың жалпы санының 43-і шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының өкілдері болып табылады. Сонымен қатар байқаушыларды жіберген мемлекеттер 4 құрлықтан: Еуропа, Азия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америкадан ұсынылып отыр», деп аяқтады сөзін З. Баймолдина.
Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың штабтарынан кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуі үшін мемлекет бөлген республикалық бюджет қаражатын пайдалануға қатысты мәселе бойынша да хабардар етті.
Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу көлемдерін регламенттейтін Ортсайлаукомның 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысының 5-тармағына сәйкес мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін қаражат бөлудің тең көлемдеріне кепілдік береді. Мәселен, теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) – 15 минут, радиода – 10 минут және мерзімді баспа басылымдарында немесе желілік басылымдарда жариялау үшін екі мақала 0,1 баспа парақтан аспауы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген жария ету көлемдерін қоспағанда, тараптар өздері жасасқан шарттар талаптарында еркін екенін ескере отырып, теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) сөз сөйлеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге кандидаттардың сөз сөйлеуін шығару және теледидарда трансляциялау жөніндегі шығыстар енгізілуі мүмкін. Бұл ретте сөз сөйлеуге арналған сома мен көлем Ортсайлауком белгілеген кандидаттың бұқаралық ақпарат құралдарындағы шығыстарының мөлшерлерінен аспауға