• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2019

Ерекше жобалар орындалуымен маңызды

1006 рет
көрсетілді

Павлодарлықтар Елба­сының «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған танымдық-рухани шараларды жүзеге асыруда өзге өңірлерге үлгі болуы тиіс. Кереку-Баян жерінің бай шежіресі, тұнған тарихы тіпті де мол мүмкіндікке ие. Рухани жобалар қоғам санасын жаңартуға арналған идеяларды жар­­қыратып, ұрпағына жет­кізері сөзсіз.

Бұл күндері С.Торайғыров атын­­дағы облыстық кітапхана ғи­ма­ратында орналасқан «Рухани жаң­ғыру» өңірлік жобалық кеңсесіне ке­лушілер аз емес. Мұнда білім беру, мәдениет, ішкі саясат, әлеуметтік қорғау, тілдерді дамыту, Жастар ісі жө­ніндегі басқармалардың, қалалық әкімдік қызметкерлері еңбек етеді. Жобалық офистің нақты міндеттері белгіленіп, арнайы жоспар құрылды.

Сонымен бірге 6 арнайы жоба және 6 кіші бағдарлама бойынша ға­­лымдар, мемлекеттік мекемелер, үкі­­меттік емес ұйымдар өкілдері бар ғылыми-мәдени-әдеби және ар­хео­логиялық жұмыс топтары құ­рылды.

Топ өкілдері спикерлер пулын құ­рып, өңір тұрғындарымен кездесулерге қатысады. Жұмыс тобымен бірлесіп, бағдарламаның бағыттары бойынша жоспарлар әзірленді.

Бастысы, «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасын жүзеге асыруда өт­кен­ жылы «Ұлы даланың жеті қы­ры»­ мақаласына орай «Ұлы дала» этно­­­фестивалі, «Ертіс синема» ха­лық­ара­лық кинофестивалі, «Ертіс думаны», «Этноауыл», «Ертіс променад», «Ру­хани жаңғыру» патриоттық фо­ру­мы, «Жыл жанашыры» жобалары бас­талды.

Өңір бойынша 78 нысаннан тұ­ратын киелі орындардың тізімі әзір­ленді. Осы тізімдегі Баянауылдағы Мәш­­һүр Жүсіптің, Екібастұздағы Иса­бек ишанның кесенелері, Баян­ауыл­дағы Қоңыр әулие үңгірі, Жа­сы­бай батыр ескерткіші, Ақкөл-Жа­йылма өңірі «Жалпыұлттық сакралды орындар» кітабына және басқа 36 нысан «Өңірлік сакралды орындар» кітабына енді. Сакралды жерлердің ба­сым бөлігі – Баянауылда.

Қазір тақырыптарға сай материалдарды жинақтау және зерттеу жұмысы жалғасуда. Мамандар сакралды орындар географиясы туралы Android және iOS операциялық жүйелеріне сәйкес ұя­лы телефондарға орнатылатын қо­сым­шалар әзірлеу үстінде.

Баянауылдағы Сабындыкөлдің жағасында Абылайханның тасы бар. Осы көлдің жағасында Қанжығалы руы­ның билері Абыз бен Шомақ Абы­лайдың құрметіне үлкен той ұйым­­­дас­тырып, жас сұлтанды күтіп ал­ған деседі.

Ал Ертіс ауданындағы Найза, Май ауданындағы Абылай жүрген жер­лер туралы жергілікті халық арасын­да көп айтылады. Жорық кезінде Абы­лай сұлтанның ордасы қонып, жауынгерлері тыныққан жайлаулар бар. Бұл жердің Найза деп аталуының өзі Абылайдың атымен байланысты. Аңыз бойынша, осы аумаққа Абылай сұлтан найзасын қадап кеткен екен. Тарих қатпарларында жатқан осындай мәліметтер аз емес.

Облыс аумағында Тарихи-этно­графиялық, археологиялық экспеди­ция­лар да басталады. Ғылыми ең­бек­тер жазылып, ғылыми-көпшілік фильм­дер шығарылуда. Ал «Кереку өңі­рінің киелі жерлері балалардың көз­дерімен» жобасы оқушыларға педа­­гогтермен бірлесіп, еліміздің қа­сиет­ті жерлерін зерттеуге мүмкіндік беруде.

Облыстағы мемлекеттік педа­го­гикалық университеті Margulan Centre археологиялық орталығы өңір­дің кие­лі жерлер ескерткіштері бо­йын­ша ғы­лы­ми тұрғыдан жүйелеп, зерделенген мәліметтерден жинақ шыға­рып, жал­пы көпшілікке қолжетімді және тү­сінікті болатын сайт жасады.

Тағы бір рухани бастама «Абай ата­мыз ел аралап жүр» жобасы бастау алды, ол өңірдегі белгілі абайтанушы Даниял Әсеновтің қатысуымен моноспектакльдер циклынан тұрады.

Биылғы бағдарлама аясында облыс орталығында жерлесіміз, әнші композитор Естай Беркімбаевқа арналған ес­керт­кіш пен музей ашылмақ. Бұрынғы «Стикс» мектебінің ғимаратында балаларды көп тілде тәр­­­биелейтін 250 орындық балабақша ашылады. Бұл жаңалықтар жуырда облыс әкі­мінің орынбасары Асхат Оралов­тың төр­ағалығымен өткен жиында айтылды.

Осы жиында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірдегі ішкі сая­сат бөлімдерінің басшылары өздері әзірлеген жобалар барысымен таныс­тырды.

 Алғашқысы – Екібастұз қаласы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Зи­наида Мұхаметжанова таныстырған Ақ­көл-Жайылмадағы Исабек ишан кесенесінің маңын абаттандыру, этно-фольклорлық ансамбль құру және Бауыржан Момышұлына ескерткіш орнату жобасы көңілден шықты. Қалада «Туған жер» арнайы жобасы бойынша жүзеге асырылып жатқан тың жоба – «Сәбилер аллеясында» жаңа туған əрбір нəрестенің құр­метіне ата-анасы белгіленген жерге ағаш отыр­ғызады. Осындай жақсы жаңа­лықты Ақсу қаласы жалғастырды. Қа­лада «Ақсу толқыны» атты бірінші дәстүрлі әндердің республикалық байқауы басталады. Байқау кезінде әнші Байғабыл Жылқыбаевтың мүсіні туған ауылы Құркөлде бой көтереді.

Осы бір игі мәдени шара Аққулы ауда­­нында да жалғасады. Халық әр­тісі, күйші Рүстембек Омаровтың 100 жылдығына орай «Күй өнерінің са­­рыны» атты күйшілер байқауында «Жастық шақ» күйін аудан жастарынан құралған 100 күйші бір уақытта орын­дайды.

Жастар жылы аясында аудандық Жастар орталығы ұйымдастырған «Жас шабандоз» жобасы аясында бәй­ге, асау үйрету, аударыспақ сияқ­­ты ат спорты ойындары өтеді. Со­­ны­мен бірге Аққулы ауданынан ұсы­ныл­ған «Тұз city» жобасы Тұз­дыкөлге келу­шілердің санын көбей­туге тиіс. Жо­ба демалушыларға киіз үйді жалдау қыз­меті, атқа міну, бас­сей­нге түсу, бала­лардың ойын алаңы, биенің саумалымен емдеу шарасын жасайды.

Жергілікті кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы алған қаржысын көл жағасының көркін келтіруге жұмсамақ.

Ақтоғай ауданындағы «Ақто­ғай­тану» жобасы да қызықты. Ауданда 2018 жылдан бастап әр мектептің 5-7 сыныптарында «Ақтоғайтану» арнайы курсы енгізілген. Осы арнайы жобада жыл бойына ауданның, ауылдардың ше­жірелі тарихы оқытылады.

Шарбақты ауданында «Архео­логиялық ескерткіштерді зерттеу және іздеу жұмыстарын жүргізу» жо­­басы аясында аудан жайлы тарихи жинақ әзірленуде. Осы бағытта «Ауылым – алтын қазынам» жобасы арқылы Успен ауданының да өт­кен тарихы түгенделмек. Бұл күн­­дері аудан мен ауылдардың құры­луы, өткен ғасырлардан қалған ше­жі­­релер жинақталуда. Ауданның ма­ңында археологиялық экспедиция мүше­лерімен бірлесе отырып қорғандар мен үйінділерге қазба жұ­мыстарын жүргізу және оларды зерттеу жоспарлануда.

Алдағы жазда Әулиекөл, Қимақ қағанаты – Байдала, Кенжекөл және Железин аудандарына археологиялық, ауыл-ауылды аралауға этнографиялық экспедициялар шығады.

Ал Баянауыл ауданында «Ruhty Qazaqstan» жобасы барысында аудан­дағы республикалық маңызы бар қа­сиетті орындарға экскурсиялық тур­ ұйымдастырылады. Облыс әкі­мінің орынбасары Асхат Оралов Баян­­ауылды «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы бойынша дамытудың жеке бағдарламасын әзірлеу жөнінде ұсыныс жасап отыр.

Сарапшылық кеңес мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, алдағы уа­қытта оған өз көмектерін көрсетуге әзір екендерін айтуда.

Железинка ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Шабыт» балалар мен жастар орта­лығы ашылады. Және де өңірде «Tildes» тіл орталығы арнайы жобасы ая­сында латын графикасын оқы­ту орталығы жобасын іске асыру ұсы­нылды. Оқыту орталығы аудандық кі­тап­ханада ашылады.

Тағы бір ерекше жобалар: Ертіс және Май аудандарында өңірдің эко­жүйесін жақсартуға бағытталған «Алмалы бақ – саялы өмір» жобасы аясында 200 алма ағашы отырғызылды. Аудандар тамшылап суару тəсілімен алма ағашын егіп, өнім алып, жастарды еңбекке баулуды жоспарлауда. Алдағы уақытта алма ағашына толы демалыс орындары жасалады.

Тереңкөл ауданының жастары Новосібір облысына іссапар­мен ба­­рып, қандас­та­ры­мызбен кездесіп, ұлттық құн­дылық­тарымызды таныс­тырады. Осы ауданда өмір сүрген дін­та­нушы, тәлімгер Сей­ділдә қажы Түй­тебекұлының кесе­несі де жобалануда.

Ал Павлодар ауданы Оңтүстіктен кө­шіп келген отбасылардың басын қо­­сып, оларды жергілікті жұрттың қа­зақы дәстүрмен ерулік беру салты­на ар­налған «Арнау» концерттік-мере­ке­лік фестиваліне шақырады.

Әрине, өңір үшін әр жоба орында­луы­мен маңызды. Өйткені, бүгінгі жоба – жас ұрпаққа қалатын ертеңгі мұра.

Ғалымдар мен өлкетанушылардың, меценаттардың көмегімен ата-баба тарихын кеңірек білуге, ұлттық, от­басылық құндылықтарды тереңірек түсінуге жетелейтін игі істер жасалды.

Көпшілікке беймәлім тарих беттері қайта ашылды. Өңірдегі қасиетті орындарды реттеу жүйелі түрде жаң­ғыртыла бастады.

Халқымыздың ұлттық келбетін, ерекшелігін, салт-дәстүрі мен өнерін танытатын дүниелерімен өзге ұлт өкілдері танысты. Сондықтан «Руха­ни жаңғыру» аясындағы әр жобаға жауапкершілікпен қарауды, оның орындалып, жүзеге асуына мән береміз.

Ернұр ДӘУЕНОВ,  облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы  Павлодар облысы