• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2019

Алматы облысында 1040 сайлау учаскесі қызмет көрсетуде

592 рет
көрсетілді

Президент сайлауына дауыс беру Жетісу өңірінде қызу жалғасып жатыр. Жалпы Алматы облысы аумағында таңдау құқығына ие 1 406 204 тұрғын есепке алынған. Оларға бүгін 1040 сайлау учаскесі қызмет көрсетуде.

Алғашқылар қатарында облыс әкімі Амандық Баталов та Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан № 974 сайлау учаскесіне зайыбымен бірге келіп, Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасап, дауыс берді. Осы жерде журналистермен тілдескен облыс әкімі Амандық Баталов:

- Бүгін – бүкіл қазақстандықтар үшін мереке, Президент сайлауы күні. Елбасының сарабдал саясатының арқасында елімізде, соның ішінде Алматы облысында халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылып, барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Жалпы біздің Алматы облысы – халық тығыз орналасқан үлкен облыс. Бізде 2 миллионнан астам тұрғын болса, соның 1 406 204-і - сайлаушылар. Сондықтан облыстағы әрбір сайлаушы өзінің дұрыс таңдауын жасап, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс береді деп сенемін, - деді.

Алматы облысы