• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Маусым, 2019

«Әкені» сатып алуға болады

389 рет
көрсетілді

Тап қазір 25 «отбасы», 35 «баласы» бар әке туралы ай­тсам не дер екенсіз?! Жа­по­нияда. Жалғыздықпен күресудің, әлде құтылудың соны тәсілі тарап жат­қан көрінеді.

Жапон актері, кәсіпкер Юичи Иши 38 жаста. Ол – туыстар мен достарды жалға беретін фирманың иесі. Айтуынша, бұл идея осыдан 14  жыл бұрын аяқасты пайда болған. Балабақшаға ұлын орналастырғысы келген танысы уақытша «күйеуі» бола тұруын өтінген екен. Осылайша «әке» рөлінен бас­талған шағын сахна кішігірім табыс көзіне айналып жүре берген.

Орта есеппен жылына 200 мың ажырасу тіркелетін Жапония халқы шынайы сезімін көрсетуді, сыртқа шығаруды құп көрмейді. Жеке басының қадір-қасиеті, абыройы кейде шындықтан да басым түсіп жататыны осыдан болса керек. Юичидің айтуынша, қазір компанияда 2200 штаттан тыс қызметкер жұмыс істейді. Ақысын төлесеңіз болғаны ата-әже, әке-шеше, досы, аталас туысы, жамағайыны дегендей кереметтей рөлдермен көңіліңізден шығады. Ал Юичидің өзі шамамен 35 рет «әке» болып, жиырма бес рет «үйленген», одан бөлек жүздеген әйел түрлі рөлдерге жалдап сатып алған. Сондай-ақ жалған туысы немесе танысы есебінде 69 адаммен үнемі байланыста. Рөлдерге кіру үшін, романтикалық комедиялар мен сериалдарды қарап жаттығады. «Баратын кезде отбасы туралы мәліметтерді қайта пысықтап аламын. Барлық ақпараттар кітапшама жазылған, жаңылып қалған кезде тасаға барып қарап аламын», дейді. Клиенттер дос, не туыс адамды жалға алу үшін төрт сағат­тық кездесуге 20 мыңдай иен (180 доллар) төлейді.

«Қазір адал дос табу қиын. Сондықтан адамдар бізге жүгінеді. Олармен серуендеуге, сөйлесіп, сыр ақтаруға дайынбыз», дейді Юичи The Atlantic басылымына берген сұхбатында. Оның айтуынша, ара-тұра қарттар жалғыздықтан құтылу үшін «неме­релерді» жалдайды. Десе де, «әкеге» сұраныс өте жоғары.