• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Шілде, 2019

Тұтастықтың, татулықтың туын тік ұстайық

534 рет
көрсетілді

Қазақстан – құшағы ыстық, алақаны аялы, мейірімі төгіл­ген біздің Отанымыз. Осы жерде өсіп-өнген, өрбіген қан­шама этнос ауызбіршілігінің арқасында осынау алып шаңы­рағымызды шаттыққа бөлеп отыр. Бірлік пен тату­лық салтанат құрған мемлекетімізде ел ішін жарастырған келісімнің ұйытқысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Елбасының арқасында құ­­рылған тұтастық пен қо­ғамдық келісімнің моделі әлем­нің құ­былмалы жағ­дайында өзінің өмір­шеңдегін көрсетіп, халықтың басын бірік­тіруші құрал ретінде қала береді. Дәл осы модель әралуандықта бірлікті сақ­тап, қазақстандық және этно­мәдени бірегейлікті қалып­тастырды. Қазақстан – бір Отан, бір тағдыр. Осындағы бар­лық этнос өкілдері пат­рио­тизмнің жарқын үлгісін көр­­сетіп, өз тағдырын ел тағ­ды­рымен байланыстырады.

Қазақстан халқы Ассам­­блеясының XXVII сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біз бүгін мүл­де жаңа тарихи кезеңде өмір сүріп отырмыз. Елдің экономикасы, қоғам өмірі, технологиялар күрделі өз­герістерге ұшырады. Біз олар­дың көбін қабылдап, бір­азын үйренудеміз. Осы өз­­ге­­рістердің арасында ө­з­гер­мей­тін қуатты құндылық бар. Ол – қоғамның бірлігі мен ұлт­аралық келісім. Қазір ол біздің басты құндылығымызға айналған. Күнделікті өмірде біз оны байқамайтын да шы­ғар­мыз, бірақ болашақта нақ осы фактор біздің бə­се­келес­тік­ке төтеп бере алуы­мыз­ға мүм­кіндік береді», деді. Тұң­ғыш Президент өз сөзін­де қа­зіргі әлемдегі орасан өз­­­геріс­тер дәуірінде үш ма­ңы­з­ды нәрсеге ерекше назар аударып, өтпелі кезең әлем­­­ді бұрынғыдан қауіпсіз ете ал­­мағанын, этносаралық ки­­кіл­­жіңдер аса қуатты деген ел­­дердің туын құлатып жат­­қа­нын және жаһан тыныш­ты­ғы өте құбылмалы әрі осал болып тұрғанын айт­ты. Бұл әрқайсысымызға бір­лікті, ке­лісім мен өзара түсі­ніс­тікті сақ­тауға міндет­тейді. Белсен­ді этнос өкіл­дерінің басын қо­сып отыр­ған этномәдени бір­лес­тіктер ынты­мағымыз бен тұтас­ты­ғы­мызды нығайту үшін осы бағытта қарқынды жұ­­­мыс атқарып, ортақ іске ынты-шынтысымен кірісуі керек.

Этномәдени бірлестіктер барлық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді жандандыру мен дамытудың мол тәжірибесіне ие. Әрбір этномәдени бір­лес­тік азаматтардың, әсі­ресе жас ұрпақтың санасын­да бауыр­малдық, ұйым­шыл­­дық қа­сиет­тердің қалып­тасуы­на әсер етеді. Бір­лік­ті, келі­сім мен өзара түсіну­­ші­лік­ті нығайту­ға ерек­ше үле­сін қосады. Осын­дай ын­ты­мағымыздың жар­­қын бір үлгісі ретінде «Дуст­лик» Қазақ­стан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығын айтар едім. Бұл қауымдастық биыл жарты жылдың өзінде достық пен татулықтың туын көтерген айтулы іс-шараларға бастамашы болды. Мәселен, мектептерде көп тілді білім берудің халықаралық конференция­сын, «Мемлекеттік тілді білу – парызым» дәстүрлі кон­курсын ұйымдастырды. Сон­дай-ақ «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасының аясында да бір­қатар шара өткізді.

Біз қазақстандық өзбектер­дің еліміздің қоғамдық және экономикалық өміріне белсене араласатынын, олардың ел бірлігін бекіте түсетін әртүрлі салалардағы жетістіктерін мақтан тұтамыз. Арамызда халықаралық ірі спорт додаларында жүлде алып, Көк туымызды көтеріп жүрген дарабоздар бар.

Қазақстанның Өзбекстан­дағы жылы туысқан елдердің арасын одан сайын жақындата түсті. Бауырлас халықтың ба­рыс-келісі артып, әсіресе оң­түстік өңірде думанды шара­лар жиіледі. Соның бір айғағы Шымкент қалалық драма театры көрші елге гастрольдік сапармен барып, бірнеше аймағында мәдениет және өнер қайраткерлерінің кездесулері ұйымдастыры­лып, қасиетті орындарды ара­лады. Мұндай мерекелі, бере­­келі бастамалардың бәрі бауыр­­лас елдердің ортақ құн­­ды­­лық­­­тарын, үздік салт-дәс­түр­­­лерін жаңғыртады, сол ар­­қылы жас ұрпақтың бо­йы­на із­­гі­лік, мейірбандық қа­сиет­­­терін сіңі­ріп, іргеміз беки түседі.

Қазақстанда барлық этнос өкілдерінің өз тілін толық мең­геріп, ұлттық құнды­лық­тарын сақтап, дамытуға жағ­дай жасалған. Бұл – осы елдегі тұрақтылық пен келісімнің дің­гегі. Халықтың түгел мем­ле­кет­тік тілді меңгеруге деген құл­шынысы, ынта-жігері біздің басымызды құрайтын, ой-пікірімізді бір арнаға то­ғыс­тыратын құрал деп түсі­нуі­міз керек. Осы тұрғыда елі­­міздегі әр өзбек қазақ ті­лін­­де еркін сөйлейді деп нық сенім­мен айта аламын. Сөзімді нақ­ты­лау үшін мына дерек­ті кел­тір­генім дұрыс болар: Түр­кі­стан облысында бүг­інде біз­дің балаларымыз 19 өзбек мек­тебінде, 101 қазақ-өзбек ара­лас мектебінде оқи­ды және 14 мектепте қазақ-өзбек-орыс тілдерінде білім алады. Жал­пы мектеп жа­­сын­дағы 100 мың­нан аса өз­бек баласы осы елде жа­сал­­ған барлық мүмкіндік пен қам­қор­лықты сезініп өсіп келе­ді. Сондықтан қазақ тілін­де сөйлегеніміз кезін­де қиын-қыстау заманда қан­шама ұлтты құшақ жая қарсы алған қазақтарға деген зор алғысымыз, құрметіміз болады әрі ауызбіршілігімізді одан сайын жарастырады.

Күрделі кезеңдер, сын са­ғат­тар басымызды ыдыратпай, қайта ынтымағымызды ны­ғай­та түседі. Бұған – тарих куә. Соның бір дәлелі жақында ғана Арыс­тағы тосыннан кел­ген апат барлығымыздың қа­быр­­ға­мызды қайыстыр­ғаны­мен, бірлігімізге сызат түсіре ал­­ма­ды. Арыс хал­қы­ның ба­сы­на түскен ауыр жағ­дай­ды бүкіл ел өз қайғысын­дай қа­был­дап, тілек-ниеті бір болды. Елі­міз­дің әр өңі­рі­­нен, тіп­ті шетел­дер­ден де алаң­дау­шы­лық біл­ді­ріп, көмек қолын соз­ған жұрт­­т­ың қарасы қалың бол­ды. Олар­дың ішінде түрлі этно­­мә­дени бірлестіктер де бар. Бірлігіміз сыналатын осы оқи­ғаға біздің «Дустлик» өз­бек қауымдастығы да бейжай қа­рамай, көңілі жарым аға­йы­н­ның жанынан табылды. Қауым­­дастық ата-анасынан ада­сып қалған балалар­ды өз ор­та­­лықтарында пана­латып, №61, 53, 54 мектептерде көмек көрсетті. Сондай-ақ Түр­­кіс­тан қаласында қарт адам­­­дарға қамқорлық жасап  ас-суы­мен бірге 200 орындық бала­бақ­шаны дайындады. «Бір­лік бар жерде – тірлік бар» де­ген­дей, ел басына қандай күн туса да ынтымағы берік ел ауыртпалықты қайыспай көте­ре біледі. Сондықтан осы тұтас­­ты­ғымыздың, тату­лы­ғы­мы­з­дың туын тік ұстап, ел аман, жұрт тынышта өмір сүрейік, ағайын!

 

Икрам ХАШИМЖАНОВ,

«Дустлик» Қазақстан өзбек этномәдени бірлестіктері  қауымдастығының төрағасы