Бұл жоба Азия елдеріндегі атом энергетикасын дамытудағы нұсқаушы-мұғалімдердің тобын даярлауда аса қажет. Мамандарды дайындау екі бөлімге бөлінген. ҚР ҰЯО мамандары JAEA-дағы адам ресурсын дамыту Орталығына сапар шегіп, ондағы Вьетнам, Бангладеш, Таиланд, Түркия, Малайзия, Моңғолия, Индонезия және Филиппин елдерінің өкілдерімен бірге нұсқаушы курсында оқитын болады.
2010 жылдан бері қарай 20 қазақстандық маман осы жерден оқып шыққан. Олар ҚР Ұлттық Ядролық Орталығында жапондық сарапшылармен бірге жергілікті мамандарды да оқытып жатыр. 2012 жылдан 2015 жылға дейін ҰЯО-да жыл сайын екі курс өткізіледі екен. Біріншісі: «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» деп аталса, екіншісі: «Реакторлық технологиялар» деп аталады. Бұл курстарда жүздеген мамандар кәсіби деңгейін көтеріп шыққан. Үйлестіру кеңесінде осы оқу курстарын дамыту мәселесі де қозғалған.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
«Еgemen Qazaqstan»
Курчатов