• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Технология 24 Шілде, 2019

Адам миының көшірмесі жасалады

442 рет
көрсетілді

Microsoft компаниясы Илон Масктің адам миының көшірмесін жасауға бағытталған жасанды интеллект жобасына 1 млрд доллар көлемінде инвестиция жасады.

Бұл қаражат адамның танымдық мүмкіндіктерімен бәсекеге түсе алатын жасанды интеллект технологиясын одан әрі дамытуға қолданылады.

Жоба авторларының айтуы бойынша жасанды интеллект адамзаттың даму жолының қалыптасуына әсер ете алса, тарихтағы ең басты технологиялық жаңалық болмақ. Сондай-ақ жоба соңғы технологияны қолдана отырып, климаттың өзгеруі, қолжетімді және жоғары сапалы денсаулық сақтау жүйесі мен дербестендірілген білім саласы сияқты жаһандық сын-қатерлерді шешуде жетекші рөл атқаруды көздейді.

Жасанды интеллект осыған дейін Dota 2 компьютерлік ойынында ең үздік ойыншыны басып озып, алғашқы нәтижелерін көрсеткен. Алайда стартап авторлары технология бір күні климаттың өзгеруі немесе одан да өзге Жер бетіне төнген қауіптерді шешуге ықпал етеді деп сенеді.     

Microsoft пен OpenAI компаниялары алдағы уақытта жобаны бірлесе іске асыра отырып, Microsoft платформасында коммерциялауды жоспарлап отыр.