Биылғы шілде айында Медициналық сақтандыру қорына 9,5 млрд теңгеден астам жарна түсті, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 шілде аралығында жинақталған жарнаның жалпы сомасы 195,7 млрд теңгені құрады.
Оның 186,9 млрд теңгесі (шамамен 95,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,8 млрд теңге (4,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.