• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Тамыз, 2019

Үш ауысымды мектептерді болдырмау үшін жекеменшік мектептер салу мәселесін қолға алу қажет - министр

228 рет
көрсетілді

Биыл мемлекет бюджетінің шеңберінде 150-ден астам мектеп салынып жатыр. Бұл мектептердің көбісі биыл іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Бүгінгі күні өкінішке орай, елімізде 128 үш ауысымды және 31 апатты жағдайдағы мектеп бар. Олар бойынша жұмыстар жасалып жатыр», деді министр.

Айтуынша, үш ауысымды мектептердің көбеюіне туу көрсеткішінің жоғарылауы мен ауылдардан қалаға көшіп келушілер санының артуы әсер етуде.

Өз сөзінде бұл мәселені шешу жолдарына да тоқталып өтті.

«Біріншіден, бюджет тарапынан ары қарай мектептерді салу керек. Ол бойынша бүгін мемлекет басшысы тапсырма берді. Екіншіден, жекеменшік мектептер салу мәселесі маңызды болып тұр. Балабақша салу мәселесінде де жекеменшік секторды тартқан болатынбыз. Сондықтан жекеменшік әріптестіктің арқасында өте қысқа уақыттың ішінде үлкен қамту жұмысын бітірдік», деді А. Аймағамбетов.

Сонымен қатар қазірдің өзінде жан басына қаржыландыру методикасын енгізудің арқасында 1 жыл ішінде 50 шақты мектеп іске қосылады деп күтілуде.

«Үшінші мәселе - мектептердің апаттылығын болдырмау үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу. Күрделі жөндеу жұмыстарын уақытында жүргізетін болсақ, апаттық жағдайға жеткізбейміз», деді ол.