• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Тамыз, 2019

Қостанайда киік мүсіні орнатылды

827 рет
көрсетілді

​Қостанайда жаңа өсіп келе жатқан тұрғын аудандағы «Қостанай Плаза» сауда ойын-сауық орталығының алдында киктің зәулім мүсіні орнатылды.

Қостанай қаласының 140 жылдығына арналған мереке аясында оның ашылу салтанаты өтті. Марат Махамбетов айналы пластиктен жасаған мүсіннің биіктігі 7 метр. Арт-нысанды қаланы декоративті көркемдеу үшін орнатса да, оның бастапқы мақсаты одан биік тұрады. Сондықтан мүсіннің ашылу салтанаты акция-перформанс болып та саналды. Мүсін авторы мен бастамашылар қостанайлықтардың және жалпы қазақстандықтардың назарын  еліміздегі өзекті әлеуметтік мәселеге аударуды мақсат тұтыпты. Қостанай-Торғай өңірін мекендейтін «қызыл кітаптық» жануар құрып кетудің алдында тұр.

Аталарымыз «даланың бөтагөзі» деп атаған киік қазақ даласының бір бренді саналады. Ол 1996 жылы Халықаралық табиғат қорғау одағының қызыл тізіміне кірді. 2002 жылы құрып кетудің ең жоғары сатысында тұрғаны, яғни табиғаттағы жануарлардың CR түрі мәртебесі берілді. Оны техникамен аулаудың нәтижесінде 1992 - 2003 жыл аралығында оның саны 50 есе азайды. Бір миллионнан 200 мың ғана киік қалды. 2019 жылғы авиасанақтың нәтижесі бойынша  қазір даламызда 334 400 киік жайылады.

Қостанай қаласының төрінен киік мұүсінінің орын алуы тек сәндік құрал емес, табиғат жанайқайын адамдарға мәдениет құралдары, заманауи өнер туындысы  арқылы білдіру, жеткізу болып табылады. Бұл проблеманы Қостанай облысы, қаласы әкімдіктері мен үкіметтік емес ұйымдар көтеріп отыр. Киік мүсінін орнату туралы бастама көтерген Ирина Ли оның ашылу салтанатына Алматыдан әдейі келіпті.

«Бұл бастама Алматыда әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінде туды. 6 жоба болды, солардың арасынан киік мүйізін сату жарнамасы туралы жоба жеңіске жетті. Киік мүйізін сатып алуға жарнамасына қарсы қарап отырмай қимыл жасау керек болды. Киік негізіен Қостанай облысы даласында болғандықтан, біз акцияны Алматыда емес, Қостаанйдва өткзуді жөн көрдік, мүсін орнатуды ұсындық, өзіміз келдік» дейді Ирина Ли.

Қала мерекесінде киік бейнесі көшеде жүреді.

 

 

Қостанай