• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Тамыз, 2019

Нұрлан Нығматулин Твиттерде парақша ашты

166 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Твиттерде парақша ашты. Бұл туралы Парламент Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

«Құрметті достар! Бүгін Твиттерде өз парақшамды аштым. Енді сіздермен елдегі маңызды мәселелер бойынша тұрақты және жиі пікір алмасатын боламыз», - деді Нығматулин.

Н.Нығматулин өзінің Twitter қолданушыларына арналған бейнежазбасында оның қол жетімді, заманға сай байланыс құралы екенін айтты. Сонымен бірге:

- Ол әрбір азаматпен тікелей байланысып, жедел  ұсыныс-пікір алмасуға мүмкіндік береді.  Бұл ортақ мақсат жолында, бірлесе жұмыс істеуге кең жол ашады деп ойлаймын. Сондықтан, алдағы уақытта осы парақшамда Мәжілістегі маңызды жаңалықтармен бөлісіп отыратын боламын,-деді Мәжіліс Спикері.