Іс-шара Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігімен, БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық бюросымен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырылмақ.
1991 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен әлемдегі ең ірі Семей ядролық полигоны жабылды. Бұл күн Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ретінде бекітілді. БҰҰ Бас ассамблеясы БҰҰ-н, әлем мемлекеттерін, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарды жер шарындағы ядролық сынақтарды тоқтатуға күш салуға шақырды.
Дөңгелек үстел барысында тараптар елдің жас ұрпақтарын белсенді тарту арқылы халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша диалогты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Ядролық қауіп-қатерден бос әлем - бұл тұрақты дамудың, жаһандық қауіпсіздік пен жердегі тұрақтылықтың сенімді жолы.
Іс-шараға Алматыда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың, ғылыми және академиялық қауымдастықтың, жастар ұйымдарының және азаматтық қоғамның өкілдері қатысады.
Осыдан алпыс тоғыз жыл бұрын Кеңестер Одағы Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде өткізген 456 ядролық сынақтың алғашқысын жүзеге асырды. 40 жылға жуық уақытта болған орны толмас күйзелістер туралы ол кезде ешкім ойламаған еді.
Жергілікті қарапайым халық, арақ кез келген науқасқа шипа болады дегенге сеніп, саңырауқұлақ іспетті ядролық бұлттың өсіп-ұлғаюын қызыға тамашалаған болатын. Бұл өлімнің азуына бас сұққанмен тең еді. Бүгіндері Семей ядролық сынақ полигонына жақын орналасқан елді-мекендердің халқы арасынан 60 жасқа жеткен адамдар бірең-сараң. Радиациялық сәулелердің кесірінен гендік мутацияларға ұшыраған, физикалық ауытқулары бар нәрестелер дүниеге келуде.
БҰҰ деректеріне сәйкес Қазақстанда 1,5 миллионға жуық халық ядролық сынақтардың зардабын шегіп отыр. Сәулеленудің кесірінен: дүниеден ерте озу, шипасыз ауруға ұшырау, туа біткен физикалық ауытқулар, секілділері кең таралған.
Өткенді өзгерту мүмкін емес, алайда келешекті өзгерту мүмкіндігі бар. Қазақстанның ғаламдық бастамасы, АТОМ жобасы арқылы Қазақстан ядролық қарудан азат әлемнің жаңа болашағын қалыптастыруға өз үлесін қосып отыр.
Атап айтсақ, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні – Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы.
Бұл бастама БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан бірауыздан қолдау тауып, бүгіндері 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ретінде аталып отыр.
АЛМАТЫ