Президент Қ.Тоқаев өз Жолдауында 5 басымдықты атап, елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам басқанымызды айтып өтті. Ендігі кезекте осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек.
Жолдаудағы адами капиталды дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру, бизнесті өркендетудегі бастамалары өте орынды. Дарынды балалардың қабілетін арттырудың жол картасы, көп балалы аналарды бизнеске тартатын бағдарлама әзірлеу, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау, бұқаралық спортты дамыту, тағы басқа да адам әлеуетін дамытатын жобалар керек-ақ. Яғни, қазір заман ағымына сай, отандастарымыздың өз әлеуетін танытатын сәт. Осыны жете ұғынайық.
Сондай-ақ Жолдауда жедел түрде жыныстық зорлық-зомбылыққа, педофилияға, есірткі таратуға, адам саудалауға, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, тұлғаға, әсіресе балаларға қарсы жасалатын өзге де ауыр қылмыстарға жазаны қатаңдату қажеттігі айтылды. Ал полиция азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет көрсететін органға айналады. Яғни, құқық қорғау жүйесін толыққанды реформалауға басымдық берілмек.
Президент Үкіметке тарифтер мен бағаларды реттеуді тапсырды. Бұл да дер кезінде көтеріліп отырған мәселе. Монополистердің тауарлар мен қызметтерін негізсіз қымбаттатпауын қоғам болып бақылауымыз қажет.
Орынбай РАХМАНБЕРДИЕВ,
мемлекет және қоғам қайраткері