• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қыркүйек, 2019

Қанат Ислам жастарды Almaty Urban Fest-ке қатысуға шақырды

231 рет
көрсетілді

Алдағы демалыс күндері 7-8 қыркүйекте көпфункционалды «Almaty Arena» спорт кешенінде қалалық Almaty Urban Fest спорт фестивалі өтеді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов аталған шараның «Qazaqstan Jastar Fest» республикалық челлендж аясында өтетінін хабарлады.

«Алматы челленджді Нұр-Сұлтаннан қабылдады.Біз өзімізден соң оны Қазақстанның батысындағы қалалардың біріне тапсырамыз», - деді Р. Байсейітов.

Баспасөз конференциясына қатысқан танымал кәсіби боксшыҚанат Ислам жастарды белсенділікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.

«Біз қашанда жастарға қолдау көрсетеміз және спорттың көше түрлерін дамытуға ықпал етеміз», - деп атап өтті Қ. Ислам.

Almaty Urban Fest 7 қыркүйекте таңғы сағат 10-00-де басталады. Streetball, Workout, Armwrestling, кәсібилер арасында роликтен, әуесқойлар мен кәсібилер арасында самокаттан, скейтбордтан жарыс секілді спорт түрлерінен іріктеу кезеңдері өтеді.