Амман қаласында Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Айдарбек Тұматов Иордания Короліне сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Басман» корольдік сарайында өткен ресми іс-шара шеңберінде Елші мемлекет басшылығының екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі жан-жақты нығайту бойынша дәйекті бағдарын растады.
Өз кезегінде Иордания монархы екіжақты қатынастардың тұрақты дамып келе жатқанын жоғары бағалады. Сондай-ақ Қазақстанның басшылығына өзінің жылы лебізін жеткізуді сұрады.
Сол күні Беларусь, Греция, Еуропалық Одақ, Қатар, Марокко, Үндістан, Франция және Чилидің жаңа елшілері де Иордания Короліне сенім грамоталарын тапсырды.