• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қыркүйек, 2019

«Open аkimat» ашылуы: А. Көлгінов және А. Шпекбаев азаматтарды жеке қабылдады

281 рет
көрсетілді

Есіл ауданының әкімдігінде елорда әкімі А. Көлгінов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаевтың қатысуымен Open Akimat ашылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында басқару мәдениетінің жаңа стандарттарына көшу қажеттігін атап өткен болатын. 

«Open әкімдік» жергілікті билікке тұрғындарға сервистік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, халық пен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байланысты жақсарта түседі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мәселен, Open akimat тұрғындарға  «бір терезе»қағидаты бойынша қызмет көрсететін болады. Азаматтар тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй қоры, жұмыспен қамту орталығы, қазпошта және аудан әкімдігі қызметкерлерінің көмегіне және кеңесіне жүгіне алады.

«Тұрғындар жеке келіп, қызметкерлерден көкейде жүрген сауалдарына жауап алғылары келеді. Барлығы ашық түрде жасалынған. Мысалы, балабақшаға, тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар өз кезегін күтіп, заңды түрде бала бақшаға баласын беріп, не үй иесі бола алады. Барлығы тек заңды қатаң түрде сақтау аясында орындалмақшы. Басқа еш схема жоқ», - деді А. Көлгінов.

Сонымен қатар, залда азаматтарды қабылдау бойынша арнайы кабинеттер және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (некені тіркеу, бала асырап алу, неке бұзу процестері және т.б.) бар. А. Көлгінов пен А. Шпекбаев Open akimat базасында азаматтарды қабылдап, олардың  мәселелерін жеке бақылауға алды. Сондай-ақ, залда балалар бұрышы, кітапхана және өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жабдықталған.

Open Akimat «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Тұрғындарды қабылдау қалалық және аудандық әкімдіктерде, «Жанұя»отбасы институтын қолдау орталығында жүйелі түрде жүргізіледі.