«Translogistica Kazakhstan 2019» халықаралық көрмесі аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Берік Камалиев пен Латвия Республикасы қатынас Министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Улдис Рейманистің төрағалығымен Көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Литва жұмыс тобының ІІ-отырысы өтті.
Отырыс шеңберінде Еуразиялық тасымалдарды, порттар мен көлік логистикасын дамыту саласындағы мәселелер, Қазақстан мен Латвияның көлік секторларын дамыту перспективалары, сондай-ақ азаматтық авиация, автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мәселелер талқыланды.
Отырыс барысында тараптар 2019 жылдың сәуір-шілде айларында Алматыда 3 есе жиілікпен ұшудың қайта жаңғыруын және жолаушылар санының 12% - ға өсуін атап өтті, Үшінші елдерге/елдерден тасымалдау үшін қосымша рұқсат бланкілерімен алмасу туралы уағдаласты, сондай-ақ Қазақстан мен Латвия арасындағы тасымалдардың логистикалық тізбегін дамыту жоспарларын талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.