Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын негізіндегі қазақ әліпбиіне көшуінің маңызын атап өтті.
-Әлемде болып жатқан жағдайларға Қазақстан этникалық келісім мен толеранттық үлгісі ретінде нәтижелі өнеге көрсете алады. Қазақ тілінің латынға кезең-кезеңімен ауысуы әлемдік мәдениетпен ұштасуы үшін өте маңызды,- деді Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия елдері парламент спикерлерінің 4-кеңесінде.
Айта кетейік, Еуразиялық мемлекеттердің заңнамалық органдары басшыларымен жан-жақты диалог орнату мақсатында ұйымдастырылып жатқан форум биыл Қазақстанда бірінші рет өтіп жатыр. Бұған дейін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының кеңесі Ресейде, Оңтүстік Кореяда және Түркия Республикасында өткен еді.
Форумға қатысушылар қатарында ЕҚЫҰ мен ҰҚШҰ парламенттік ассамблеялары, Парламентаралық одақ, Азия парламенттік ассамблеясы, Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі парламентарийлердің Азиялық форумы, Еуропалық парламент, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, Ислам ынтымақтастық ұйымы парламенттік одағы, ТМД ПАА, ШЫҰ сынды ұйымдар бар.