Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы Президент Твиттердегі парақшасында жазды.
«Еліміздегі барлық мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Ұстаздар - балаларға білім беріп, ұрпағымызды отаншылдық рухында тәрбиелейтін керемет жандар. Еліміздің лайықты азаматтары - мұғалімдерге әрқашан қолдау көрсетеміз» деп жазды Мемлекет басшысы.