Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов америкалық Эндрю Эрнандесті нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBC International Silver титулын қорғап қалды деп хабарлайды Vesti.kz.
Олардың жекпе-жегі Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің андеркартасындағы бесінші кездесу болды.
Ахмедов пен Эрнандес жекпе-жегі 12 раундқа есептелген, бірақ бірінші раундтың 44-секундында аяқталды. Бұл кездесуге қазақстандық боксшы "Нью-Йорк Рейнджерс" хоккей клубының киімімен шықты. Шоудың басты оқиғасында қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко IBF және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласқан болатын.